USD 335.71 EUR 357.36 RUB 5.23
Астана:

Ақтөбе мен Қызылорда өңірлік әріптестік байланысты нығайтты

Қазақстан Республикасы Тəуелсіздігінің 25 жылдығы аясында кеше Қызылордада Ақтөбе облысы күндері басталды. Бұл шара 14-15 қазан күндері өтті. Меймандар Сыр өңіріне жасаған сапарында бірқатар мəдени, əлеуметтік шараларға қатысты.

Ақтөбе облысының делегациясы Сыр өңіріне жасаған сапары барысында бірқатар аудандарды аралап, ондағы халықтың тыныс-тіршілігімен танысты. Аралда аудан орталығындағы Рəміздер алаңы, Мəңгілік алау мен аймақтың мақтанышына айналған перзенттері Төлеген Медетбаев пен Зейнолла Шүкіровтың ескерт кіштерімен танысты. Мұнан соң делегация мүшелері Қамбаш көлінің жағасында орналасқан «Қамбаш балаларды сауық тыру жəне қосымша білім беру орталығында» болды. Аталған ор талықтың ілкімді істерге куə болған ақтөбеліктер мұндағы атқарылып жатқан жұмыстарға жоғары баға берді. Ақтөбелік делегация мүшелері келесі кезекте Қазалы ауданында болды. Одан кейін делегация мүшелері Байқоңыр қаласында ғарыш айлағында орналасқан музейдің жұмысымен, онда сақталған көне құралдармен танысты. Меймандар Қармақшы ауданында Қорқыт ата мемориалдық кешеніне барды.

Сондай-ақ, Сырдария ауданындағы Нағи Ілиясов атындағы ауылдың тыныс-тіршілігіне зер салды. Өңірлік əріптестік байланысты нығайту барысындағы игілікті шараның жəне бір бастауында екі облыс əкімдері Қырымбек Көшербаев пен Бердібек Сапарбаев делегация құрамымен қала күні мерекесінде ашылған Рəміздер аллеясында болды. Содан кейін мəртебелі меймандар тарихи-өлкетану мұражайын аралады.

Мұражай ғимаратына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, бірінші жəне екінші қабаттарына мониторлар орнатылған, экспонаттар қатары толықтырылған. Оның қорында 5516 тарихи жəдігер бар. Сонымен қатар, ақтөбеліктер «Арай» демалыс аймағында мектеп оқушыларының техникалық жетістіктеріне арналған көрмесін ұйымдастырды. Мұнда Ақтөбе қалалық техникалық шы ғармашылық орталығының жұмыстары көрсетілді. Жас өрендердің қолынан шыққан бұйымдарын қос аймақтың басшылары келіп аралады. Ақтөбе қалалық техникалық шығармашылық орталығы ұзақ жылдардан бері тұрақты жұмыс жасап келеді. Соның дəлелі ретінде, көрмеге келушілердің назарына оқушылардың қолынан шыққан машина, кеме, ұшақ, тікұшақ, робот макеттері ұсынылды. Бұлардың бірі ұялы телефонға жүктелген арнайы бағдарлама арқылы қозғалса, енді бірі пульт арқылы кез келген бағытта жылжиды.

Мұндағы бұйымдардың əрқайсысы өз алдына бір дүние. Яғни, көрмені тамашалағандардың таңғалысында шек болмады. Осыдан-ақ, Ақтөбелік өрендердің техникалық жұмыстарының жақсы екенін аңғаруға болады. Жас таланттардың өз қолымен жасаған бұйымдары заманауи технологияны дамытудың алғы шарттары деуге болады. Ақтөбе облысының Қызылорда дағы күндері бүгін де жалғасады. Көршілес облыс ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерінің жəр меңкесі «Тағзым» алаңында ұйым дас тырылады. Осы күні облыстық студенттер сарайында Ақтөбе қала сының Қ.Жұбанов атындағы АРМУ-нің «Тұмар» жəне С.Бəйішев атындағы АУ- нің «Алаш» жастар театрының қойылымы өтеді деп жоспарланып отыр. Ал Н.Бекежанов атындағы облыстық драма театрында Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрының спектаклі қойылады.

Айтолқын АЙТЖАНОВА.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады