USD 335.71 EUR 357.36 RUB 5.23
Астана:

Академик ағамыз елінде болып қайтты

Өткен аптаның сенбісінде жерлесіміз яғни Жарма ауданының Қараш ауылының тумасы, геология-минералогия ғылымдарының докторы, халықаралық информатика Академиясының академигі Сіләмхан Жапарханов туған еліне келіп қайтты. Ол ең алдымен Жарма ауданының әкімі Нұрлан Сыдыковтың қабылдауында болды. Онда аудан әкімі ауданның бүгінгі тыныс-тіршілігі туралы қысқаша баяндап берсе, академик ағамыз өзі жайында біраз әңгіме шертіп, соңында аудан әкіміне өзінің өмірбаяны туралы жазылған “Дорогами жизни” атты кітабын тарту етті. Дәл осы күні аудан орталығы Қалбатауда “Айналайын, Жарма” атты бөбекжайдың ашылу салтанаты болмақ екен. 90-ға келіп қалған атақты ағамыз осы бөбекжайдың ашылуына қатысып, оның лентасын қыйды. Өз кезегінде аудан әкімі академиктің иығына шапан жапты.

Осы күні академик Сіләмхан Жапарханов Шар қаласындағы өзі оқыған Б.Тұрсынов атындағы мектепте болып, 9-10 сынып оқушыларымен әңгіме дүкен құрды. Онда ол жастарға болашақ өмірлеріне сабақ боларлықтай талай қызықты әңгімелерді айтты. Соңында мектеп директоры Г.Бүйімбаева С.Жапархановқа елеп-ескеріп келгендігі үшін зор рахметін жеткізді.

Сіләмхан Жапарханов ағамыз Шардың орталық кітапханасында да болып, мұнда кейінгі шыққан өмірбаяндық кітабын тарту етті. Алаңдағы Ұлы Отан соғысына қатысушыларға арналған монумент пен Ұлы Абай ескерткіші алдында бас иіп, тағзым етті.

Өз тілшіміз.

Суреттерде: 1. Жергілікті кәсіпкер В.Исабаев 50 орындық бөбекжайдың ашылуына 50 миллион қаржысын жұмсапты, соның қуанышына бөбекжай алдында төменгі сынып оқушыларының өнер көрсету сәті; 2. Аудан әкімі Н.Сыдыковтың академик ағамыз С.Жапархановтың иығына шапан жапқаннан кейінгі ескерткішке суретке түскен кезі.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады