USD 335.71 EUR 357.36 RUB 5.23
Астана:

Ағалар - алғы шепте

Жылыой аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мен халықаралақ қариялар күніне орай зейнеткерлер арасында шахмат жарысын өткізді. 12 ардагер қатынасқан дүбірлі дода ұйымшылдықпен, тартымды өтті. Жарысқа жарық, жылы, тыныш орын бөлініп, мекеме қызметкерлері Нұржауған мен Алтынай ақсақалдарға керектерін дайындап, үш күн бойы тік тұрып қызмет етті. Жарыс қорытындысында қарсыластарын түгел тізе бүктірген танымал шахматшы Сабыр Ғабдолкәрімұлы бірінші орынды иеленді. Ақылбай Жөкешовке екінші, Аманжол Алтаевқа үшінші, Ғайса Төрехановқа төртінші, Қонысбай Ақпанға бесінші, Қален Кідібасовқа алтыншы орын бұйырды. 86 жастағы Қален ақсақал ұзақ отырысқа тапжылмай шыдас беріп, ойыннан, ойлаудан ләззат алатын нағыз мықты екенін дәлелдеді. Жүлдегерлерге, сонымен қатар барлық қатынасушыларға ескерткіш сыйлықтар ұсынылды. Абзал ағалар бөлім басшысы Серік Қамидоллаға, аудандық ардагерлер кеңесі төрағасы Тілеген Қадыровке, осы шараны өткізуге көмектескен Сабыр Ғабдолкәрімовке рахметін айтып, бұның бәрін қарияларға құрмет деп қабылдайтындарын білдірді. Сонымен қатар олар ауданда шахмат өнерінің әлсіздігіне, жастар арасында мүлдем құлдырап кеткендігіне қынжылып, аудандық дене тәрбиесі және спорт бөлімінің жұмысына көңілі толмайтындарын да сездірді. Ақсақалдар «Қариялар бөлмесіне» аптаның сәрсенбі, бейсенбі күндері түсқайта келіп, шахмат ойнап тұруға және барлық зейнеткерлерді басқосудан тыс қалдырмауға уағдаласты. Демеушілік жасаған «Орлан» кәсіпорны басшысы Нұрлан Қондыбаевқа ризашылығын білдірді.

ізбасқан Саресенов, бас төреші

Ұқсас сілтемелер:
28 Қазан 2016, 12:00
АЛДЫҢҒЫ ТОЛҚЫН АҒАЛАР
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады