USD 335.71 EUR 357.36 RUB 5.23
Астана:

Абыройы арта берсін

Фото: Кызылординская областная газета Сыр бойы

Еліміздің Тәуелсіздігі мен еркіндігі жолында атқарылған қыруар істер болашағымыздың бейбіт те жарқын болатынына сенімімізді нығайтумен келе жатқаны айқын. Оны Қазақстанда жасап жатқан барша халықтың тыныс-тіршілігінің жақсарып, береке-бірлігінің артуынан, көңіл көкжиегінің кеңейе, көркейе түскенінен аңғаруға болады. Осынау жақсы лепес, жарым ырысқа лайық озық ой мен санадағы серпіліс елінің ертеңіне елеңдеп, тыныштығының тұғырлы болуын ойлайтын Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сындарлы саясатының нәрлі нәтижесі десем қателеспеймін. Бұған тәубашылық жасап,бөркімізді аспанға ата қуансақ ешкім де мұның не демейтіні белгілі. Өйткені көреген көшбасшымыздың Тәуелсіздік аясында жүргізіп жатқан ізгілікке толы істері мен ұстанған бағыт- бағдарына куә болып,жемісін жеп келе жатқан біздер осынау көзайым көзқарастағы сенімімізге селкеу түспейтінін жақсы білеміз. Күнделікті ақпарат арқылы төрткүл дүниеде қандай оқиға болып жатқанын, қайғы арқалап, қан жұтып жатқан адамдарды көргенде сондай тағдырды біздің басымызға бермей-ақ қойса екен деп отырамыз.Сөйтеміз де еліміздің қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған өркенді өміріне қанағат сезімімен қараймыз. Әрине, бүгінде Қазақстанды білмейтін, ондағы бақытты ғұмырға қызықпайтын ел кемде-кем. Осынау көңілге жылылық, жүрекке нұрлы шуақ ұялатар қуаныш-шаттықтың бәрін Тұңғыш Президентімізбен байланыстыра абырой аспанында асқақтатсақ, ешкім де талас тудыра алмайтыны ақиқат. Олай болса,Тұңғыш Президент күні мерекеміз мерейлі болып, еліміздің мәртебесі арта берсін, деймін.

Кеңесбай БАЙҚАНОВ, еңбек ардагері, Алматы облысының Құрметті азаматы, Текес ауылы

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады