BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 364.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.99 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

Жыл басынан бері 2,5 мың тонна ет экспорттадық – Мырзахметов

Фото: ОКҚ баспасөз қызметі

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов өңірде инвестициялау мен агроөнеркәсіп кешені бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

Облыс әкімі Жолдаудың міндеттерін орындау үшін жұмыстардың келесі жылға нақты индикаторлары айқындалатынын айтты.

«Шикізаттық емес сектордағы жобаларды іске асыру бойынша екі жоба іске қосылды. Жыл соңына дейін тағы 5 жоба іске қосылады. Олардың ішінде экспортқа бағытталған аммофос өндірісінің көлемін көбейту жобасын атап өтуге болады. «Инвесторларға қызмет көрсету орталығының» жұмысы қайта қаралып, күшейтілді. Ағылшын, қытай, түрік, корей тілдерін білетін жас мамандар тартылды. Бүгінде бұл салаға салынған инвестициялар 100 млрд теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 13,3%-ға өсіп отыр. Ал инвестициялардың ай сайын өсуінің оң үрдісі жеке меншік капиталының 30%-ға өсуімен байланысты. Бюджеттен салынған инвестициялар өткен жылмен салыстырғанда азайып отыр», - деді өңір басшысы.

Мырзахметов облыста шетелдік инвесторлардың қатысуымен құны 1 млрд АҚШ долларын құрайтын 13 жоба іске асырылатынын айтты.

Жамбыл облысында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін 183 кәсіпорын жұмыс істейді. Әкім сапалы, терең өңдеумен айналысатын кәсіпорындардың санын арттыру қажет екенін айтты. Жыл соңына дейін осындай 4 жоба іске қосылады

«Агроөнеркәсіптің қайта өңделген өнімінің экспортын көбейту мақсатында жыл басынан 2,3 мың тонна ет экспортқа шығарылды. Бұл өткен жылдың көлемінен 3 есеге артық. Бұдан бөлек, құны 22,6 млрд.теңгені құрайтын 9 инвестициялық бастама бекітілді. Ауыл шаруашылығымен тиімді айналысу үшін үлгілі шаруа қожалықтарының базасы жасақталды. Онда келесі жылдан бастап арнайы оқыту, таныстыру жұмыстары жүргізілетін болады», - деді ол.

Осы орайда әкімдік заманауи тұрғыдағы облыстық агроколледж құру мәселелсін қолға алып оытр. Осы жұмысты бастау үшін биыл 200 млн.теңге бөлінген.

«Сервистік секторларды дамыту бойынша. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолдың 500-ге жуық шақырымы облыстың 6 ауданының үстінен өтеді.Тәулігіне 8 мыңнан аса көлік өтіп жатыр. Осы қызмет сапасын арттыру үшін тиісті талдау жүргізіліп, қосымша жұмыс көлемі анықталды», - деді Мырзахметов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Өңірде «қолма-қол ақшасыз экономикаға» көшу бойынша соңғы 5 жылда пластикалық карта ұстаушылар саны 2 есе артқан. Бүгінде 3500 терминал жұмыс істеп, 1 мыңнан астам сауда орнында кассалық операциялар электронды түрде жұмыс істейді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер