USD 335.71 EUR 357.36 RUB 5.23
Астана:

Үкіметте отандық өнімдерді сыртқы нарыққа жылжытудың жаңа құралдары ұсынылды

Фото: Шыңғыс Қаппаров

Бүгін Үкімет отырысында жаңа АӨК-ті дамыту мемлекеттік бағдарламасы, сол бағдарламаның аясында отандық ауыл шаруашылығы тауарларының экспортын дамыту мәселесі қаралды, деп хабарлайды Baq.kz.

Премьер-министрдің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов отандық ауыл шаруашылығы тауарларын сыртқы нарықта жылжыту мақсатында АӨК Сарапшылық кеңесі құрылатынын атап өтті.

Құрылатын орталық ауыл шаруашылығы өндірушілерінен форвардтық сатып алуларды, сыртқы нарықта сұранысқа ие өнімдер үшін экспорттық арналарды қалыптастыруды, «КZ ORGANIC FOOD» және басқа да отандық брендтерді жылжытуды, сыртқы нарықтарды талдауды, өткізу үшін тиімді сыртқы нарықтар үшін жол картасын жасауды жүзеге асырады.

Сонымен қатар, Орталық сауда қаржыландырумен, отандық өндірушілер үшін экспорттық келісімшарттарды кепілдендірумен айналысады.

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың тапсырмасымен аграрлық секторды жедел дамыту міндеті алға қойылғаны белгілі. Осыған байланысты ел Үкіметі 2017-2021 жылдарға дейінгі агроөнеркәсіп кешенін дамытуға арналған мемлекеттік бағдарлама әзірледі. Соның нәтижесінде таяу бес жыл ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен өңдеу экономиканы әртараптандыру мен өсімнің негізгі драйвері болуы тиіс.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады