BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 356.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.42
Астана:

Солтүстік диқандары жаңа рекорд орнатты

Солтүстік Қазақстан облысының диқандары бидай өнімділігінен жаңа рекорд орнатты. Айыртау ауданындағы «Бабық-бұрлық» ЖШС гектарынан 62,5 центнерден өнім алды, деп хабарлайды Baq.kz аймақтағы тілшісі.

Осыған дейін серіктестік гектарынан 43 центнерден өнім алып келген. Ал биыл облыс бойынша рекорд орнатып, қамбаға мол астық құйды. Шаруалар мұндай табысқа кенелулерінің сырын жаз мезгілінде ауа райының қолайлы болуымен байланыстырып отыр. Қожалық мамандары күзгі танап басындағы жұмыстарын толық аяқаған жоқ. Қызылжарлық диқандардың бұған дейінгі рекорды – гектарынан 55 центнер өнім. Бұл көрсеткіш «Тұқым» ЖШС тиесілі болған еді. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов мол ырзық жиған «Бабық-бұрлық» серіктестігінің егіс алқабында барды.

«Еін егіп, дұрыс жұмыс істемеу – тиісмсіз. Мемлекет аграрлық салаға көп қолдау көрсетеді. Сондықтан шаруашылық басшылары тарапынан жұмысшылардың еңбекақын көтеру және басқа да әлеуметтік көмек түрінде қайырым болу керек. Нан бар, нәтиже бар және тиісінше еңбекақыны көтеруге мүмкіндік бар. Осындай диқандармен жергілікті билік тиісті жұмыс жүргізу керек», - деді СҚО әкімі Құмар Ақсақалов.

Мол өнім алудың сырын сұрағандарға «Бабық-бұрлық» серіктестігінің басшысы Сейілбек Махметов қысқа ғана жауап қайырды.

«Жер ана – жомарт. Жұмыс істеу керек. «Австрийка» атты сұрып мол өнім берді. Гектарынан 62,5 центнерден алып жатырмыз. Жалпы егін шығымы жақсы. Биылғы көрсеткішіміз - орта есеппен гектарынан 40 центер өнім», - деді ол.

Жалпы, облыс бойынша күзгі орақ науқаны қыза түсті. 13 қыркүйектегі мәлімет бойынша облыста жалпы алқаптың 32 пайызы бастырылды. Орташа өнімділік гектарынан 14,9 центнер.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер