USD 334.31 EUR 355.17 RUB 5.31
Астана:

ШҚО-да егін ору науқанында арзандатылған бағамен 25 мың тонна жанармай бөлінген

ШҚО-да биыл астық жинау науқанында дизельді жанармаймен қамту деңгейі 94%-ды құрап, шаруа қожалықтарында жанармай тапшылығы байқалмады. Қазіргі күннің өзінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі аймаққа арзандатылған бағамен 25 мың тонна дизельді жанармай бөліп, оның 23,6 тоннасы астық жинауға жұмсалған, деп хабарлайды Baq.kz.

ШҚО Ақпараттық орталығының мәліметінге, Шығыс Қазақстан Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында ШҚО Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Амангелді Уалиевтың айтуынша, дәнді дақылдарды кептіру үшін тағы 5 тонна дизельді жанармай бөлінген.

– Ағымдағы жылы астық жинау маусымында дизельді жанармай тапшылығы анықталмады. Аймақтың барлық аудандары мен шаруа қожалықтары арзандатылған дизельмен қамтылды, – деді Амангелді Уалиев.

Айта кетсек, биыл астық ору маусымы ШҚО үшін қолайлы болып, жинаған өнім рекордтық көрсеткішті құрады. Дәнді дақылдарды жинауға жалпы 6 мың трактор, 2 мың орақ, 4 мың жүк көлігі мен 3152 комбайн жұмылдырылған.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады