BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.47 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.57
Астана:

Шаруаларға жеңілдетілген несие беру жалғасады

Ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпорындарды қолдау үшін тиісті шешімді шығардық. Енді біз кредитті төмен процентпен тек теңгемен береміз. Бұл туралы Астанада өткен брифингте «Цеснабанк» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі Николай Мещеряков айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Ауыл шаруашылығын өнімдерін өндірушілерді қолдау шаралары бекітілді. Біз жұмыстарын табысты жүргізіп отырған компаниялар үшін кредиттік жүктемені азайтамыз. Себебі, басқа валютамен берілген кредиттер ауыл шаруашылығы саласындағы компаниялардың жұмысына айтарлықтай салмақ түсірді. Салдарынан олардың жұмысы қиындай түсті. Енді біз кредитті төмен процентпен тек теңгемен береміз. Бұл ауыл шаруашылық компанияларына жұмысын табысты жүргізіп, дамуына мүмкіндік береді», - деді ол.

Николай Мещеряков «Родина» (Ақмола облысы), «Тайынша астық» (Солтүстік Қазақстан облысы) шаруа қожалықтарының жұмысына жоғары баға беріп, олардың инновациялық технологияларды пайдаланып отырғанын атап өтті.

«Сондықтан біз ауыл шаруашылығы саласындағы компаниялармен байланысты нығайта түсеміз. Үкімет, ауыл шаруашылығы министрлігімен бірігіп, осы бағыттағы жұмыстарды жүргізе береміз», - деп түйіндеді сөзін «Цеснабанк» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер