BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 342.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 400.85 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.51
Астана:

Ресей қазақстандық сүт өндірушілерге салған шектеуін алып тастады

Ресей Федерациясының Ветеринариялық және фитосанитариялық қадағалау бойынша федеральдық қызметі Қазақстан Республикасынан Ресей Федерациясына сүт тасымалдайтын үш сүт өңдеуші кәсіпорынға салған уақытша шектеуді ресми түрде алды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Аталған шектеу Ресей тарапынан 2018 жылғы 1 маусымда Белорусь мемлекетінің сүт өңдеу зауытынан, Ресей Федерациясына сүт ұнтағының кері экспорталуының (реэкспорт) күдігіне байланысты қойылған.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Белорусь Республикасының шектеу қойылған кәсіпорындарының құрғақ сүтін қайта экспорттамайтыны және Ресей Федерациясының аумағына сүт және дайын сүт өнімдерін экспорттайтыны туралы мәліметтер жолдады.

Сондай-ақ, Мәскеу қаласындағы ресми кездесу барысында Қазақстан тарапынан осы кәсіпорындардың қадағалануына қатысты қосымша ақпарат ұсынылған.
Уақытша шектеуді алуға байланысты атқарылған шаралар жартылай жұмыс істеп тұрған қазақстандық сүтті қайта өңдеу кәсіпорындарының толық өндірістік қуаттылықта жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

Айта кетейік, Ресей тарапы шектеу қоған “Тайынша-Астык” ЖШС, “Молпродукт” ЖШС, “ДЕП” ЖШС қатарлы сүт өндіруші кәсіпорындар болатын.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер