USD 334.48 EUR 355.62 RUB 5.25
Астана:

«Қазақстанның жеміс-көкөніс бизнесі-2016» Халықаралық конференциясы өтеді

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингінің қолдауымен өткізілетін форумға әлемнің Қазақстан, Ұлыбритания, Германия, Италия, Кипр т.б. қатарлы 11 елінен шамамен 200 адам қатысады. Олардың қатарында – бақша өсіру және көкөніс шаруашылығындағы өсіру ісінің үздіктері, өңдеу және сақтау секторындағы «заң шығарушылар» бар, деп хабарлайды BAQ.kz тілшісі.

Конференцияны ұйымдастырушылармен («Қазагромаркетинг» АҚ және украинаның «АПК-информ» компаниясы) өте тығыз, әрі толыққанды бағдарлама жасалған.

"Сөз сөйлеушілердің қатарында – Италиядан FAO инвестициялық орталықтың экономисті Андрей Ярмак, ол «Орталық Азияның көкөніс және жеміс нарығы аймақтағы кездесетін сауда кедергілерінің контексінде» атты баяндама жасайды. Жеміс-көкөніс бизнесіндегі тәжірибесімен «Arba Wine» компаниясының басшысы Зейнолла Кәкімжанов бар" - дейді ұйымдастырушылар.

Коференцияда негізгі аудиторияны - жеміс-көкөніс өнімдерін өндірушілер мен өңдеушілер; көтерме және бөлшек сауда өкілдері; Қазақстанның көкөніс және жемісті импорттаушылары мен олардың әлемнің басқа елдеріндегі әлеуетті жабдықтаушылары; материалдық-техникалық ресурстарды (МТР), өсімдікті қорғау құралдарын (ӨҚҚ), тыңайтқыштарды, көшеттер мен тұқымдық материалдарды жеткізушілер; жеміс-көкөніс өнімдерін жетілдіру және өңдеу бойынша шешім беруші компаниялар; қаржы және инвестициялық мекемелер; мамандандырылған БАҚ өкілдері және басқалар құрайды.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады