BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 326.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 401.25 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Қазақстанда көктемгі егін жұмыстары толықтай дизель отынымен қамтамасыз етілуде

Көктемгі егін жұмыстарына дизель отынының қажеттілігін қамтамасыз ету толық көлемде орындалды. Бұл жөнінде бүгінгі үкімет отырысында ҚР Энергетика вице-министрі Махамбет Досмұхамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«2018 жылдың көктемгі егіс жұмыстарына арналған дизель отынын жеткізудің бекітілген кестесі шеңберінде ауыл шаруашылығына 375 мың тонна, оның ішінде, Атырау зауыты арқылы 79 мың тонна, Павлодар зауыты арқылы 233 мың тонна, Шымкент зауыты арқылы 63 мың тонна көлемінде дизель отыны жеткізілуде. Бүгінгі наурыз айында жоспарланған 109,5 мың тонна дизель отыны көлемінің 109,7 мың тонна дизель отыны жөнелтілді және сәуір айында жоспарланған дизель отынының 134,5 мың тоннасының 25,5 мың тоннасы жөнелтілді. Вагондық емес норма, төлемдердің кешіктірілуі, жолда келе жатқан немесе жүк тиеу станциясында тұрған дизель отынының көлемдері меженің орындалмауының себептері болып отыр. Жалпы, ауыл шаруашылығы министрлігінің тапсырмасына сәйкес, дизель отынының қажеттілігін қамтамасыз ету толық көлемде орындалды. 2018 наурыз айында көктемгі егіс жұмыстарын өткізу үшін дизель отынын ұсыну бағасы 1 тонна үшін 156 мың теңгені, литрі үшін 130 теңгені құрайды. Сәуір айында дизель отыны үшін 1 тоннасының бағасы 160 мың теңгені, литрі үшін 134 теңгені құрайды», - деді министрдің орынбасары.

Досмұхамбетовтың берген мәліметіне сәйкес, бірінші тоқсанда газ өндіру көлемі 14 млрд текше метрі құрап, бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6% артқан. Сонымен бірге, осы жылдың бірінші тоқсанының жоспары 5,6% артығымен орындалған. Ал газдың экспорт көлемі 4,9 млрд текше метрді құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,5% ұлғайған.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер