BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 375.9 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 423.56 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

Қазақстанда қымыз өндірісі бір жылда 46% өсті

Фото: Comode.kz

Сүт өндірушілер 240,2 млрд теңгеге тауар шығарды. Бұл көрсеткіш 2016 жылмен салыстырғанда 14% көп, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Бір жыл ішінде елде май мен кілегей өндірісі +1,5%, ірімшік пен сүзбе +2% өсті. Мұнымен қатар, қымыз өндірісінің көлемі күрт ұлғайған - 46,3%. Ал алдыңғы жылмен салыстырғанда керісінше сүт өндірісі төмендеген - 3,6%.

ҚР сүт өндірісінің салалары дамып жатыр. Мысалы, Маңғыстау облысының Ақшұқыр ауылында Қазақстандағы бірінші шұбат зауыты ашылды. Жалпы шұбаттан бастап, ірімшікке дейін 40 түрлі тағам мен сусын әзірлейді. Кәсіпорынды ашу үшін иесі 600 млн теңге жұмсаған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер