USD 335.71 EUR 357.36 RUB 5.23
Астана:

Қазақстанда 3 млн тоннадан астам арпа жиналды

Қазақстанда бүгінгі күнге дейін 3263,6 мың тонна арпа жиналды. Бұл алдыңғы жылдың осы кезеңдегі өнімімен алыстырғанда 594 мың тоннаға артық, деп хабарлайды Baq.kz ҚР АШМ баспасөз қызметі.

Ағымдағы жылы арпа 1 897,2 мың га алқапқа егілді. Қазіргі кезде 99,6 % алқап қамтылды. Биылғы орташа түсімділік 1 га 17,3 центнерді құрап отыр.

Салыстыру үшін: 2015 жылы түсімділік 1 га 13,5 центнерді құрады. Сонымен қатар, республика бойынша қарақұмық жинау науқаны аяқталды.

Қорытындылай келгенде, шаруалар осы өнім түрінің 100 мың тоннасын бастырды. Түсімділік 1 га 10,1 центнерді құрады.

Айта кетейік, еліміздің 7 облысында шаруалар қарақұмық егумен айналысады. Негізінде республиканың солтүстік өңірлерінде өсіріледі. Тағы бір айта кетерлік жайт, ҚР Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Қ.Айтуғанов Үкімет отырысында келешекте егіс алқаптарының құрылымында айтарлықтай өзгерістер болатынын ескерткен еді. Алдағы жылдары егіс алқаптарындағы астық көлемі 2 млн. га азайып, майлы дақылдар егісінің ауқымы артады.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады