BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

Кәсіпкерлер студенттерге өз жетістіктерінің сырын айтты

Бүгін Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне және университеттің 60 жылдығына орай «Табысқа жетудің жолдары» атты акция өтті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Акция аясында Корпорациядан несие алып, ісін өрге дөңгелеткен үздік фермерлер ашық лекциялар оқып, өздерінің жинаған тәжірибелерімен бөлісті.

«Елбасы Қазақстан экономикасында басымдыққа ие бағыттардың бірі – ауыл шаруашылығы екенін бір емес, бірнеше мәрте мәлімдеген болатын. Экономиканың драйвері болуы тиіс бұл салаға мемлекет тарапынан үлкен көңіл бөлініп келеді. Бұл тұрғыда агроөндірістік кешен үшін жоғары білікті кадрларды дайындау ісі – аса маңызды мәселе» - дейді өз тәжірибесімен бөліскен кәсіпкерлер.

Өз кәсібі арқылы жетістікке жеткен кәсіп иелерінің лекцияларын тыңдаған студенттер мұндай акциялардың жиі өтіп тұрғаны дұрыс деп санайды.

«Біз өмір сүруге, кәсіп иесі болуға көбінде маңайымыздағы адамдардан көріп, есту арқылы ғана бейімделеміз. Болмаса түрлі тренингтерге барып үйренеміз. Ал шын мәнісінде өз ісінің шыңына шыққан, өз кәсібін нөлден бастап игерген адамдардың тәжірибесі біз үшін өте маңызды. Сондықтан бүгінгідей лекциялар жиі болып тұрғаны біз үшін өте тиімді» - дейді студенттер.

Шараны «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ және ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ұйымдастырды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер