BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 374.2 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.34 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.52
Астана:

Энергетика министрлігі фермерлердің шағымына жауап берді

Фото: ОКҚ

Осыған дейін БАҚ-та астық өнімін жинауға дайындалып жатқан шаруалар дизель отынының қымбаттағанын айтып, шағымданғаны туралы ақпарат жарияланған. Фермерлердің шағымына ҚР Энергетика вице-министрі Болат Ақшолақов жауап берді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Алдымен вице-министр елдегі 3 мұнай өңдеу зауытының жұмысына тоқталды.

«Осы жылдың жоспарына сәйкес елдегі үш мұнай өңдеу зауытында 4,5 млн тонна дизель отыны өндірілді. Биыл біз үш МӨЗ-ді модернизациядан өткіздік. Сондай-ақ Шымкенттегі мұнай өңдеу зауытын жаңғыртудың екінші деңгейінен өткізгелі отырмыз. Бұл жұмыс осы жылдың күзінде аяқталады. Осылайша, үш зауыт толықтай жұмыс істейді. Сондықтан біз зауыттардың өндіріс қуатын арттырғалы отырмыз. Оның ішінде дизель отыны да бар», - деді ол ОКҚ-де өткен брифингте.

Сондай-ақ Болат Ақшолақов фермерлерге дизель отынын жеткізу мәселесіне тоқталды.

«Енді дизел отынын ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге жеткізу мәселесіне тоқталайын. Қазақстанда оларға екі маусымда яғни көктемде (егіс науқаны) күзде (егін ору науқаны) дизель отыны жеткізіледі. Ауыл шаруашылығы министрлігіндегі әріптестерімізбен бірге тиісті өнімдерді жеткізу бойынша мәселелерді нақтылаймыз. Оның ішінде дизель отыны да бар», - деді вице-министр.

Оның айтуынша, биыл көктемгі егін егу науқанында шаруаларға 375 мың тонна дизель отыны берілген. Ал күзгі егін ору науқанына 394,4 мың тонна дизель отынын беру жоспарланып отыр.

Осы орайда Болат Ақшолақов дизель отынының бағасын нарық реттейтінін атап өтті.

«Қазіргі таңда мемлекет мұнай өнімдері мен дизель отынына бағаны реттемейді. Бағаны нарық қалыптастырады. Мемлекет дизельдік отынға субсидия бөлмейді. Арзандатылған отын деген түсінік жоқ. Бағаны нарық реттейді», - деп түйіндеді сөзін вице-министр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер