BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.04 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.99 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Елімізге Қырғызстаннан ет өнімдерін кіргізуге тыйым салынды

Астана. Baq.kz. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі бүгіннен бастап Қырғызстан Республикасынан әкелінетін етке тыйым салды.

"Қырғызстан Республикасының аумағындағы жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша қолайсыз жағдайға байланысты, Ауыл шаруашылығы министрлігі 2018 жылдың 12 қазанынан бастап, Қазақстан Республикасына Қырғызстаннан кіргізілетін ет өнімдеріне уақытша шектеу енгізілді", - делінген хабарламада.

Сонымен, Қазақстан Республикасына ветеринариялық бақылау және қадағалау өнімдерін экспорттауға құқығы бар 5 қырғыз кәсіпорнына шектеу енгізілді. Сондай-ақ белгілегендей, шығыс инспекция қорытындысы бойынша 2012 жылдан бері тағы 4 қырғыз кәсіпорнына уақытша шектеу қолданылды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер