USD 334.89 EUR 361.61 RUB 5.28
Астана:

Ауыл тұрғындарының кірісін 300 млрд теңгеге дейін арттырамыз – А.Мырзаxметов

Фото: Шыңғыс Қаппаров

Жақында Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзаxметов Мемлекет басшысына агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламаның тұжырымдамасын баяндаған болатын. Бүгін Үкімет отырысында министр сол бағдарламаны таныстырды, деп хабарлайды Baq.kz.

«Мемлекеттік бағдарламаның әлеуметтік маңызды рөлі – табысты фермерлердің санын арттыру. Сол арқылы нарыққа қажетті бәсекеге қабілетті АӨК өнімдерінің өндірісін қамтамасыз ету. Бұл бағдарламаның әлеуметтік маңызы да зор. Ауыл xалқын жұмыспен қамти отырып, олардың табыс деңгейін арттыру. Біздің басты ұстаным – шығарылған өнімді сатуға емес, сұранысқа ие өнімді өндіру», - дейді А.Мырзаxметов.

Оның айтуынша, еліміздің әрбір фермері ауыл шаруашылығы кооперативі арқылы мемлекеттік қолдау таба алады. Кооперативтерді техникалық жағынан жабдықтау «КазАгро» ҰБХ арқылы жүзеге асырылады екен.

«Жеке қосалқы шаруашылық бойынша ветеринарлық, агрохимиялық, қаржылық және өнімді өткізу бойынша кеткен шығындар кооперативтерді субсидиялау арқылы беріледі.Ауыл шаруашылығы кооперативін дамытсақ, 500 мың ұсақ өндірушіні тарту және өнімдерді өткізу мен өңдеудің пәрменді жүйесін құра аламыз, сондай-ақ шикізатпен қамтамасыз ететін кәсіпорындардың үлесін 1,3 есеге арттырамыз.Ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту барысында ауыл тұрғындарының кірісін жыл сайын 300 млрд теңгеге дейін арттыру және сауданың үстеме бағасын 15-20%-ға төмендету көзделіп отыр», - дейді министр.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады