BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 340.27 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 396.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.39
Астана:

Ауыл шаруашылық техникасы 2021 жылға қарай толық жаңартылады 

Еліміздегі ауыл шаруашылық техникасы 2021 жылға қарай толық жаңартылады. Бұл жөніеде бүгін Астанада өткен дөңгелек үстел барысында ҚР АШМ Ғылыми-технологиялық және техникалық саясат департаментінің директоры Азат Сұлтанов мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Біз біршама талдау жүргіздік. Егер бұған дейін талдау ауыл шаруашылық саласында 17 жыл қызмет еткен техникалар бойынша жасалса, бұл жолы біз алдымызға үлкен мақсаттар қойып, қызмет ету мерзімі 10 жылдан асатын барлық техниканы жаңартқымыз келеді. Техникалардың жағдайы өте нашар деуге болады, олар әбден ескірген. Қызмет ету мерзімі 10 жылдан асып кеткен тракторлардың көлемі 86%-ды, дәл осындай комбайндардың көлемі 72%-ды құрайды. Техниканың басым бөлігі кеңес заманында шығарылған болса, басқа техникалар материалдық-техникалық сипаттамасы бойынша жарамсыз. Сол себепті, біздің мақсатымыз – ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілердің заманауи техникаға қол жеткізуін қамтамасыз ету. Өкінішке қарай, тауар өндірушілердің 2017 жылы техника сатып алу, техника базасын жаңарту қабілеті біршама төмендегенін көрсетті», - деді департамент басшысы.

Азат Сұлтанов ескірген техниканы қолдану ең алдымен алынатын өнім сапасына кері әсер етіп, сол сияқты, қосалқы бөлшектер, жанар-жағармай үшін қосымша шығындарды көтеруге әкеліп соғатынын айтты.

«Осы орайда министрлік не ұсынып отыр? Бірінші, ауыл шаруашылық техникасында лизинг пен кредит бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауды жаңарту. Бұл бағдарлама бұған дейін де қолданыста болған және ол осы саладағы ең тиімді әдістердің бірі екеніне көз жеткіздік», - деген ол министрлік жеке меншік лизингті дамытуды да алдағы уақытта қолға алынатынын айтты.

«Әрине, ҚазАгроҚаржы мемлекет қолдауына ие. Мұнда қаржыландыру жүйесі де реттелген, арнайы мамандар бар. Әйтсе де, ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілерде қаржы институтын қатысты таңдау болғаны дұрыс. Осы жоғарыда аталғандардың негізінде 2021 жылға қарай біз ауыл шаруашылық техникасының паркін толық жаңартуға қол жеткіземіз деп отырмыз», - деді АШМ өкілі.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер