BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Жасанды интеллект әлем экономикасын 16 трлн долларға арттырады – Назарбаев

Фото: Нұржас Жақсыбай

2030 жылға қарай жасанды интеллект әлемдік экономиканы 16 трлн долларға арттырады. Бұл жөнінде Астана экономикалық форумы: Global Challenges Summit 2018 барысында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Осында отырғандардың көпшілігі үшін, біздің азаматтар үшін Астана экономикалық форумына қатысу игі дәстүрге айналды. Осы үшін сіздерге үлкен алғысымды білдіремін. Форум он бірінші рет әлем экономикасы, инвестициялар мен инновациялар мәселелерін талқылауға арналған алаңға айналып отыр. Өткен жылғы форумнан бері біз әлемдегі үлкен өзгерістерге куә болдық. Мемлекеттер арасында бір мәмілеге келу бара-бара қиындап барады. Қарсыластың қағидалары мен ұстанымдарын түсінуге тырыспау және сенімсіздік таныту да белең алуда. Бұл әлем үшін қиын кезең болып табылады. Сондықтан, осы қиындықтарға қатысты мәселелерді әділ талқылаудың маңызы зор. Бұл адамзат үшін маңызды. Сол себепті, бүгінгі форум жаһандық сын-тәуекелдердің тиімді жауаптарын табуға бағытталған. Осы мақсатта танымал мамандар жиналып отыр», - деді Президент.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы даулар мен келіспеулшіліктер әркез адамзат дамуымен бірге еріп келетінін айтып, алайда, бүгінгі күні шиеленістің өріс алуының себебі тереңде жатқанын атап өтті.

«Бүгінде әлем көз ілеспес жылдамдықпен өзгеріп жатыр. Кезекті рет жол айырығында тұрмыз. Қайда бұрылсақ, ертеңгі күніміз де соған белгілі болады: даму кезеңі ме, әлде тоқырау ма. Байқап отырған процестер объективті, олар жаһандық өзгерістер салдарынан туындап отыр. Олардың сипатын жершары дамуының 5 басты мегатренд арқылы атап көрсетуге болады. Бірінші мегатренд – адамзат жұмысындағы барлық аспектілерді цифрландыру. Біздің көз алдымызда тек бизнес емес, бүтіндей қоғам өмірі цифрландырылған экономиканың жаңа модельдері пайда болуда. Жаңа технологиялардың сыни көрсеткіштегі көлеміне қол жеткізу бұған дейін елдің бәсекеге қабілеттілігін белгілейтін негізгі факторларды өзгертіп отыр. Өндірісті бақылаушы және жақсартушы өздігінен үйренетін интеллектуалдық жүйелер қалыпты құбылысқа айналды. 2030 жылға қарай жасанды интеллект әлемдік экономиканы 16 трлн долларға арттырады. Криптовалюталар феномені, блокчейндер технологиясы қаржы жүйесіне түбегейлі өзгерістер алып келері сөзсіз», - деді Назарбаев.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер