BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 327.42 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 383.51 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.29
Астана:

АЭФ-те Халықаралық жасыл технологиялар орталығы таныстырылды

Фото: Бауыржан Жуасбаев

Бүгiн ҚР Премьер-министрi Бақытжан Сағынтаев Астана экономикалық форумында «жасыл технологиялар» тақырыбына арналған панельдiк сессияға қатысып, жаңа орталық жайлы айтып бердi, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

«Халықаралық жасыл технологиялар орталығы аймақтағы экономикалық өсiмдi күшейтуге мүдделi. Бiз ол Орталық Азиядағы технологиялық орталық ретiнде тұрақты инвестициялар, жаңа жасыл технологиялар мен инновацияларды дамытудың тиiмдi механизмiнiң негiзiне айналады деген үмiттемiз. Орталық тұрақты даму үшiн дамыған және дамушы елдердiң экономикалық, әлеуметтiк және экологиялық факторларын үйлесiмдi келiсуiне ықпал ететiн болады», - дедi Сағынтаев.

Премьер-министр Қазақстан үкiметi жаңартылатын энергия көздерiн дамыту және қоршаған ортаға зиянды әсердi төмендету стратегиясын қолдайтынын айтты.

«Бiздiң ұзақмерзiмдi әдiсiмiзге сәйкес, «қоршаған ортаны қорғауға» кедергi болмай, керiсiнше технологиялық, экономикалық даму қарқынын ынталандыру керек. Бiз қоршаған ортаның қолайлы жағдайын, экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге одан әрi өз үлесiмiздi қосуға ниеттiмiз. Ресурс үнемдейтiн технологиялар, «жасыл экономика» құралдары, жоғары технологиялық және ғылыми технологиялар саласының инвестициялары енгiзiлуi керек. Осылардан өткен соң тұрақты, одан кейiн экологиялық дамуға өтуге болады. Бұның барлығы - бiздiң алдағы онжылдықтарға арналған экономикалық саясатымыздың басты құрамдасы», - дедi Бақытжан Сағынтаев.

Үкiмет басшысының айтуынша, Қазақстан үкiметi тұрақты даму саясатын алға жылжыту iсiнде барлық мүдделi тараптардың ашық диалогын қолдайды. Премьер-министр форумда жасалған ұсыныстар осыған ықпал ететiнiне сенiмдi екенiн айтты.

Атап өтсек, Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы ЭКСПО аумағында орналасқан.

Еске салсақ, бүгiн елордада Global Challenges Summit 2018 XI Астана экономикалық форумы басталды. Форумды Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ашты. Биылғы жиынға әлемнің түрлі елдерінен 500-ге жуық спикер қатысып отыр. Олардың қатарында Францияның экс-президенті Франсуа Олланд, БҰҰ-ның бұрынғы бас директоры Пан Ги Мун, Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия жөніндегі бас экономисі Ганс Тиммер, Аррle компаниясының негізін қалаушы Стив Возняк, америкалық беделді ғалым Митио Каку бар. Сонымен қатар, спикерлер арасында саясаткерлер, технологтар, технология саласының көшбасшылары, денсаулық сақтау және ресурстарды пайдалану салаларының беделді өкілдері де бар.

Үш күнге жалғасатын форум барысында жалпы құны 20 млрд доллардан асатын 300-ден астам меморандум мен келісімге қол қойылады деп жоспарланып отыр.

Соңғы 10 жыл ішінде Астана экономикалық форумына әлемнің 150 елінен 50 мыңнан астам делегат қатысқан. Олардың қатарында Нобель сыйлығының 20-дан астам лауреаты мен 30-дан астам шетелдік жоғары деңгейлі саяси қайраткері бар.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер