BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 327.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 386.74 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.34
Астана:

Президенттің қатысуымен Астана экономикалық форумы өтіп жатыр

Фото: Нұржас Жақсыбай

Елордада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Global Challenges Summit 2018 XI Астана экономикалық форумы басталды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Ұлттық экономика министрлігі таратқан ақпаратқа сәйкес, биылға форумға әлемнің түрлі елдерінен 500-ге жуық спикер қатысады.

Олардың арасында Францияның экс-президенті Франсуа Олланд, БҰҰ-ның бұрынғы бас директоры Пан Ги Мун, Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия жөніндегі бас экономисі Ганс Тиммер, Аррle компаниясының негізін қалаушы Стив Возняк, америкалық беделді ғалым Митио Каку бар.

Сонымен қатар спикерлер қатарына саясаткерлер, технологтар, технология саласының көшбасшылары, денсаулық сақтау және ресурстарды пайдалану салаларының беделді өкілдері кіреді.

Форумда 11 жаһандық сын-қатер талқыға саланады. Яғни шараның алғашқы екі күні күн тәртібіндегі жаһандық мәселелерге арналады, ал үшінші күні спикерлер алты бағыт бойынша еліміздің мамандарымен бірлесе отырып жұмыс істейді.

Айта кетсек, соңғы 10 жыл ішінде Астана экономикалық форумына әлемнің 150 елінен 50 мыңнан астам делегат қатысқан. Олардың қатарында Нобель сыйлығының 20-дан астам лауреаты мен 30-дан астам шетелдік жоғары деңгейлі саяси қайраткері бар.

Сондай-ақ, форум аясында жалпы құны 20 млрд доллардан асатын 300-ден астам меморандум мен келісімдерге қол қойылады деп жоспарланып отыр.

Global Challenges Summit 2018 XI Астана экономикалық форумы 19 мамырда аяқталады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер