BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 327.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 386.74 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.34
Астана:

Президент АЭФ қонақтарын АХҚО-ның ашылу салтанатына шақырды

Фото: Нұржас Жақсыбай

Елордада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Global Challenges Summit 2018 XI Астана экономикалық форумы өтіп жатыр. Форум барысында Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі және әлемдегі экономикалық жағдайға тоқталды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Президент өз сөзінде былтыр Астанада өткен ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі базасында Астана халықаралық қаржы орталығы ашылғанын айтып, қонақтарды осы Қаржы орталығына шақырды.

– ЭКСПО көрмесінің базасында ағылшын құқықтары бойынша жұмыс істейтін халықаралық қаржы орталығы ашылды. Осы мүмкіндікті пайдаланып, Сіздерді Қаржы орталығының 5 шілдеде өтетін ашылу салтанатына шақырамын,– деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер