BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 356.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.42
Астана:

Исекешев: АХҚО – посткеңестік елдер арасындағы алғашқы революция

Астана өтіп жатқан ХІ Астана экономикалық форумында «Басты жобалар тұсаукесері» пленарлық отырысында Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев Елорданы дамыту мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Жаһандық қалалардың қатарына Дубай немесе Сингапур секілді қалаларды енгізуге болады. Ондай шаһарларда әуелі инфрақұрылымның жоғары сапасы - әуежайлар, қонақ үйлер, ресторандар, ауруханалар мен әлеуметтік нысандар айқын көрінеді. Сол бағытта Астанада біршама нысандар салынды. Екіншіден, біз инвесторларды қорғаудың жоғары деңгейіне бейімделіп келеміз. Жалпы Қазақстанда инвесторларды қорғау мәселесі шешілген. Бірақ, «Астана» Халықаралық қаржы орталығының салынып жатқанын - посткеңестік елдердің ішінде революция деп айтуға болады. Британдық құқықпен тек британдық судьялар жұмыс істейді. Бұл - осында жұмыс істеуге келетін инвесторлардың үлкен сенімін қалыптасырады», - дейді Әсет Исекешеев.

Оның айтуына қарағанда қаланы дамыту үшін тек қана мүмкіндіктер туғыза білу керек.

«Осы қалада бірнеше университет ашылады. Білім жүйесіндегі көшбасшымыз - Назарбаев Университеті бар. Ол толық кешенді құрайды. Елордада әлемдік деңгейдегі медициналық желілер жұмысын бастайды. Демек, осының бәрі Астананы жаһандық қалаға айналдырудың жолдары болып есептеледі. Кез келген адам Астанаға келіп, өз үйіндегідей сезініп, бизнесін бастап немесе білімін алып жүруге мүмкіндігі болуы керек - міне біздің көздеп отырғанымыз осы. Сондықтан, әлемнің ірі жетекші қалаларының тәжірибесін терең зерттеудеміз», - дейді әкім.

Әсет Исекешевтің айтуынша, Лондон, Вена, Берлин секілді көне қалалармен бірге, Дубай және Сингапур секілді заманауи шаһарлардың тәжірибесі қалалық әкімдік үшін маңызды.

«Туризм мен білім саласына да баса көңіл бөліп отырмыз. Сондықтан, бұл үлкен процес. Біз әрдайым оқу үстіндеміз», - дейді Әсет Исекешев.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер