BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 327.42 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 383.51 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.29
Астана:

Франсуа Олланд: Инновациялар — экономикалық теңсіздікке қарсы саясаттың негізгі бағыты

Фото: Бауыржан Жақсыбай

Инновациялар экономикалық теңсіздікке қарсы саясаттың негізгі бағыты. Бұл жөнінде Астана экономикалық форумы: Global Challenges Summit 2018 барысындағы экономикалық теңсіздік тақырыбына арналған панельдік сессияда Францияның экс-президенті Франсуа Олланд мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Теңсіздік мәселесі дамыған, дамушы және кедей елдерге де қатысты және бұл мәселе талқыланатын өзекті мәселенің бірі болуы керек. Күні бүгінде әлемдегі көптеген ұйымдар елдерде теңсіздік көбейіп, соның салдарынан келіспеушіліктердің орын алып жатқанына алаңдаушылық білдіруде. Байқағанымыздай, Еуропада орта тап өз жұмыстарының табысынан қандай да бір игілік көрмейді. Ал, әлдеқайда кедей елдердегі теңсіздікке қатысты айтар болсақ, онда бізге даму саясатын дұрыс ұйымдастыру керек. Сондай-ақ, білім беру, денсаулық сақтау және инновацияларға басымдылық таныту керек. Инновациялар экономикалық теңсіздікке қарсы саясаттың негізгі бағыты бола алады. Бұл халықтың дамуына ықпал етеді және дамушы елдермен әріптестік орнатуға да себепші болады», - деді Франсуа Олланд.

Экс-президент экономикалық теңсіздік саяси дебаттарда талқыланатын басты мәселе болу керектігін атап өтті.

«Біз байқағандай, дамыған елдерде кәсіпорын басшылары, акционерлер мен жұмысшылар арасында алшақтық өсіп келеді. Бұл көптеген кәсіпорынның экономикалық өсімінің моделіне ықпал етуі әбден мүмкін. Бұл феноменді өзгерту қажет. Бұл табысты үлестіру кезіндегі үлкен айырмашылықтардың орын алатынын білдіріп отыр. Сол себепті, акционерлердің табысына қатысты шектеу қою керек», - деген ол кей жағдайларда салық саясатының өзі де теңсіздіктің туындауына себепші болатынын айтты.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер