BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 361.94 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 423.25 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.4
Астана:

Енді қазақ әндерін Shazam-мен табуға болады 

Әлемдегі ең танымал музыкалық Shazam қосымшасына қазақ әндері енгізілуі мүмкін. Бұл туралы ХІ Астана экономикалық форумы аясында өткен брифингте аталған қосымшаның негізін қалаушы Крис Бартон мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Брифинг барысында журналистердің бірі Крис Бартоннан «Shazam қосымшасынан қазақ әндерін қашан табуға болады?» деп сұрақ қойды.

«Шынымды айтайын, бұл туралы ойланған жоқпын. Бірақ Shazam қосымшасынан барлық елдің әндерін табуға болады. Мысалы, онда жапон, корей, қытай тілдеріндегі әндер бар. Мен қосымшаға қазақ музыкасын қуана-қуана енгізер едім. Осылайша, сіздер Shazam-нан қазақ әндерін таба аласыздар», - деді ол.

Осы орайда Shazam қосымшасының негізін қалаушы сұрақ қойған қазақстандық журналиске өзінің өтінішін білдірді.

«Сіз маған жеке электрондық почтаңызды жіберіңізші. Осылайша, байланыс орнатайық», - деп түйіндеді сөзін Крис Бартон.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер