BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 346.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 404.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.47
Астана:

Назарбаев жасыл технологияларды дамыту туралы: Қазақстан көштен қалған жоқ

Фото: Нұржас Жақсыбай

Қазақстан әлемдегі баламалы энергетиканы дамыту тенденциясынан тыс қалған жоқ. «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізу арқылы мемлекет жасыл технологиялардың базасын құруға мүмкіндік алды. Бұл туралы ХІ Астана экономикалық форумында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Форумда Елбасы әлем елдері назар аударуы қажет бес трендтті айта келе, жасыл технологияларды дамыту маңызды екенін атап өтті.

«Энергетикалық төңкеріс таза энергияны өндіруге бағытталып отыр. 30 жылдың ішінде әлемдегі баламалы энергия көздерінен алынатын қуат көлемі 13 есеге дейін артты. Соңғы 5 жылда күн панельдерінің бағасы екі есеге дейін төмендеді. Электр машиналары өндірісі айтарлықтай дамыды. Сарапшылардың айтуынша, егер қазіргі автокөліктерді электр машиналарға ауыстырар болсақ, жердегі ауаны тазартуға мүмкіндік береді. Яғни ауа осыдан 200 жыл бұрынғы деңгейде болады. Мұны сарапшылар айтып отыр», - деді президент.

Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі таңда тек қазба байлықтарына үміт арту орынсыз екенін алға тартты.

«Табиғи ресурстарға ие мемлекеттерге қазба байлығы басымдық беруден қалып отыр. Тіпті қазба байлығы – артық табыс табудың көзін жоғалтуда. Біз әлемдегі дәстүрлі энергетика нарығындағы ірі ойыншылар, корпорациялар, мемлекеттер ауқымды түрде жаңа энергикатикаға инвестиция сала бастады», - деді ол.

Осы орайда Мемлекет басшысы өткен жылы «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізе отырып, елде жаңа саланың дамуына жол ашқанын мәлім етті.

«Қазақстан аталған тенденциядан тыс қалып отырған жоқ. Біз «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін «Болашақ энергиясы» тақырыбында өткізе отырып, елде жасыл технологиялардың базасын құруға мүмкіндік алдық. 2030 жылы елімізде альтернативті энергетиканың үлесі 30%-ке жетеді», - деп түйіндеді сөзін Нұрсұлтан Назарбаев.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер