BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 374.47 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Елбасы: Зейнетақы жүйесі жаңа демографиялық ақиқатқа сәйкес келуі керек

Фото: Нұржас Жақсыбай

Зейнетақы жүйесі мен әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін қайта құрастыру қажет. Олар жаңа демографиялық ақиқатқа сәйкес келуі керек. Бұл жөнінде Астана экономикалық форумы: Global Challenges Summit 2018 барысында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Үшінші мегатрнед – жершары халқы санының қарқынды өсуі. Соңғы онжылдықтағы ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктері адам баласы өмірінің орташа ұзақтығын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік берді. Соңғы 70 жылда адамзаттың орташа жасы 23 жылға – 48-ден 71-ге дейін ұлғайды. Қазақстанда бұл көрсеткіш тәуелсіздік жылдарында 7 жылға – 65-тен 72,5-ке дейін өсті және бүгінгі күні орташа әлемдік деңгейден асып отыр. Ұзақ өмір сүру индустриясы әлем экономикасының маңызды бөлігіне айналды. Алайда, жедел демографиялық өзгерістер оның көптеген ілеспе мәселелерін де шешуді талап етеді», - деді Президент.

Елбасы ғасыр ортасында 100 миллиард адамды азықпен қамтамасыз ету үшін әлем бойынша бүгінгі күнгіден 60% көп тамақ өндіру керектігін атап өтті. Оның айтуынша, бұл негізгі қорлардың, соның ішінде, тұщы су жетіспеушілігі есебімен алғанда оңай шаруа емес.

«Бүгінгі күні эконмиканың жоғары технологиялы салаларының бірі болуы тиіс агроөнеркәсіп кешенінің өнімділігі, ресурстық тиімділігінің айтарлықтай өсімі қажет болады. Қазақстанда заманауи жетістіктерді пайдалану, агрокешендегі еңбек өнімділігін 2,5 есе арттыру мақсаты алған қойылған. Халықтың қартаюының артуымен байланысты туындаған кезекті сын-тәуекелдің бірі – бұл зейнетақы жүйесі мен әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін қайта құрастыру. Олар жаңа демографиялық ақиқатқа сәйкес келуі керек», - деді Назарбаев.

Еске сала кетсек, АЭФ барысында сөз сөйлеген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жаһандық өзгерістер салдарынан туындап отырған процестердің сипатын жершары дамуының 5 басты мегатренді арқылы атап көрсетті.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер