BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 327.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 386.74 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.34
Астана:

Астанада АЭФ аккредиттеу алаңы ашылды

Фото: Нұржас Жақсыбай

Бүгін елордадағы Hilton Astana қонақүйінде Астана экономикалық форумы аясындағы аккредиттеу орталығы ашылды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Руслан Даленов пен GVA Kazakhstan серіктесі Булат Столяров қызыл таспаны кесіп, аккредиттеу орталығын салтанатты түрде ашты.

«Өздеріңіз білетіндей, Ресейдегі президент сайлауы және үкіметтің жаңа құрамының қалыптасуына байланысты біршама өзгерістер орын алып, ендігі ретте Астана экономикалық форумына РФ Үкімет төрағасының орынбасары Дмитрий Козаков келеді. Сонымен қатар, өзінің жұмыс кестесінің тығыздығына қарамастан, Ксения Анатольевна Собчак форумға қатысады. Кеше ғана біз онымен біршама әңгімелесіп, форумға қатысу мәселелерін талқылаған болатынбыз. Ксения Собчак 18 мамыр күні әлем экономикасындағы әйел рөліне қатысты бағдарламада баяндама жасайтын болады», - деді Даленов.

Сонымен қатар, форумға бес мыңнан астам делегат, соның ішіндеғ 500 шетелдік делегат қатысады деп күтіледі. Ал форум жұмысын насихаттайтын бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің саны 700 шамасында болмақ.

«Форум қаражатына келер болсақ, бұл өткен жылғы деңгейден біршама төмен. Республикалық бюджеттен 410 млн теңге қарастырылса, қалған қаражат демеушілер тарапынан бөлінеді», - деді ол.

Белгілі болғандай, аккредиттеу алаңдары елордадағы Hilton Astana, Marriott, Rixos, Duman қонақүйлерінде, «Керуен» СОСО және Назарбаев атындағы халықаралық әуежайың қону аумағында ашылған.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер