BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.01 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.39 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.53
Астана:

Астана экономикалық форумы басталды

Фото: Нұржас Жақсыбай

Астанада Global Challenges Summit 2018 форумы басталды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Экономикалық даму және ресурстық тұрақтылық, цифрландыру және урбанизация, ұзақ өмір сүру және қаржы төңкерісі, жаһандық қауіпсіздік және мәдени өрлеу - осынау жалпыадамзаттық тенденциялардың бәрі жаңғырған Астана экономикалық форумы Global Challenges Summit 2018 бағдарламасының өзегін құрап отыр.

2018 жылы форумға әлемнің түрлі елдерінен 500-ге жуық спикер қатысып, рекордтық көрсеткішке жетеді деп күтілуде.

Биыл топ-спикерлердің арасында Францияның бұрынғы президенті Франсуа Олланд, БҰҰ-ның бұрынғы бас директоры Пан Ги Мун, Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия жөніндегі бас экономисі Ганс Тиммер сынды есімдер бар.

Форумның алғашқы екі күні күн тәртібіндегі жаһандық мәселелерге арналады, үшінші күні спикерлер ҚР Үкіметінің, сарапшылар қоғамдастығының өкілдерімен алты бағыт бойынша жұмыс жүргізеді.

Айта кетейік, конгрестің 10 жылдық жұмысы барысында оған әлемнің 150 елінен 50 мың делегат, соның ішінде 20-дан астам Нобель сыйлығының иегерлері, 30-дан астам шетелдік жоғары деңгейлі саяси қайраткерлер келген. Конгресс аясында жалпы құны 20 млрд доллардан асып жығылатын 300-ден астам меморандум және келісімдерге қол қойылды.

Әр жылдары форумда әлемдік деңгейдегі саясаткерлер, ғалымдар, экономистер, журналистер және қоғам қайраткерлері, халықаралық ұйымдардың, қаржы институттарының, бизнес-элитаның өкілдері спикер болды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер