BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 374.47 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Альфред Гузенбауэр: АХҚО - керемет идея екенін айтқым келеді

Бүгін Астанада өтіп жатқан XI Астана экономикалық форумы барысында Австрияның бұрынғы канцлері Альфред Гузенбауэр Орталық Азияда осы күнге дейін қаржы орталығының болмағаны жөнінде пікір айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуына қарағанда, Астана халықаралық қаржы орталығы тың әрі тиімді идея.

"Ең алдымен, қаржы орталығы керемет идея екенін айтқым келеді. Себебі осы күнге дейін Орталық Азияда қаржы орталығы болған емес. Дегенмен, оған деген қажеттілік үнемі болды. Әлемнің кез келген түкпіріндегі мемлекет дамуды мақсат етсе, Қаржы орталығын құруы керек деп ойлаймын. Негізінен, қаржы орталықтары аймақтағы ең ірі мемлекеттерде емес, шағын елдерде болады" - дейді Альфред Гузенбауэр.

Сонымен қатар, ол Қазақстан географиялық тұрғыда жақсы орналасқанын сәтті пайдаланып, өзін жақсы қырынан көрсете білгенін айтты.

"Біз барлық өңір үшін қызмет ұсынушымыз. Сондықтан негіз ретінде жалпыеуропалық құқық енгізу идеясы дұрыс деп ойлаймыз. Бұл қаржы нарығына халықаралық қатысушыларды тартуға мүмкіндік береді. Ал көптеген заңды тұлғалар өздері үйренген ортаға, тұрақты ортаға барғанды жөн санайды. Осы ретті Қазақстанның мүмкіндігі зор деп айта аламын және барлығы сәтті болатынына сенімдімін" - дейді Альфред Гузенбауэр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер