BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 364.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.99 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

АЭФ-қа әлемнің 110 елінен 1200 қатысушы келді – Тимур Сүлейменов

Фото: ашық дереккөзден

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Астана экономикалық форумының алғашқы күнін қорытындылады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Бүгін Мемлекет басшысы мен жұлдызды қатысушылардың қатысуымен АЭФ-тың ең маңызды күні өтті. Форумға 6120 адам қатысты, соның ішінде 110 мемлекеттен 1200 қатысушы келді. Акредиттелген 1000-ға жуық журналистің ішінде 120-сы шетелдік БАҚ өкілдері. Тіркелмегендер бүгінгі күннің аяғына дейін тіркеліп 18-19 мамырда болатын сессияларға қатыса алады», - деді Сүлейменов брифингте.

Ол форумды ашқан ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың айтқан сөздеріне тоқталды.

«Пленарлық сессияда Нұрсұлтан Назарбаевтың киноспичі Ted Talks форматында жалғасты. Ted Talks дегеніміз спикер аудиториямен байланыс орнатып, бір орында отырмай еркін сөйлейді, еркін жүреді. Меніңше бұл көпшілікке ұнады. Елбасы өз сөзінде бес маңызды трендті атап өтті. Бірінші, цифрландыру, соның ішінде жасанды интеллект секілді аспектілеріне ерекше тоқталды. Екінші, энергетикалық революция. Әртүрлі мемлекеттерде энергия теңгерімнің көп бөлігін баламалы энергия көздері алатын кезде біз жолдың басында тұрмыз. Мемлекет басшысының өзі баламалы энергия көздерін қолдану мақсатында бағдарламалалық құжаттарды қабылдағанын айтты. Үшінші, халқымыздың ұзақ өмір сүруі. Қазақстанда өмір сүрудің орташа жасы 74 жыл, бұл әрі қарай арта беретін болады. Төртінші, урбанизация. Халықтың 70 пайызға жуығы қалада өмір сүреді, енді мемлекеттер ғана емес, қалалар бір-бірімен бәсекелеспек. Мемлекет басшысы өз елімізде ғана емес, әлемде осы трендке назар аударуға тиіс, урбанизация концепциясының үнемі бақылауда тұрғанын атап өтті. Бесінші, еңбек нарғындағы жаңа тренд – автоматтандыру, роботизация. Соның салдарынан жұмыс орындары қысқармақ, әлем де, еліміз де осыған дайын болуы тиіс», - деді ол.

Сүлейменов форумның ертеңгі күнінде Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен пленарлық отырыс залында практикум өтетінін, ертең урбантек, сингулярлық, ұзақ өмір сүру сияқты тақырыптарда спикерлер өз ойларын ортаға салатынын айтты.

«Бүгін 73 іс-шараның 39-ы өтті, 34 ертең болады. Форумның жартысы әлі алда, сол себепті бізді қызықты пікірталастар күтіп тұр. Баршаңызды қатысуға шақырамын», - деп түйіндеді ол.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер