BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 361.94 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 423.25 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.4
Астана:

АЭФ аясындағы азаматтық қоғам мәселесін талқылауға әлемнің 12 елі қатысады

Астана экономикалық форумы аясында азаматтық қоғам проблемаларын талқылайтын панельдік сессияға әлемнің 12 елінен келген бас-аяғы 150 азамат қатысады. Бұл жөнінде Қазақстанның орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Eurasian Expert Council қорының президенті Шыңғыс Лепсібаев мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Осы жылы Астана экономикалық форумының аясында тек экономикалық мәселелер талқыланып қоймай, сонымен қатар, азаматтық белсенділік, үкіметтік емес ұйымдарды дамыту, бұқаралық ақпарат құралдарын дамыту мәселелері де талқыланатын болады. Себебі, өздеріңіз білетіндей, соңғы жылдары жаңа ақпараттық дәуір дәстүрлі БАҚ пен саяси партиялар алдына жаңа сын-тегеуріндерді шығарды. Сол себепті, қазір баршамызға біршама трансформациялаудан өткен дұрыс сияқты. АЭФ аясындағы панельдік сессия алаңында біз жетекші үкіметтік ұйымдарды, шетелдік сарапшыларды тартуға тырыстық. Осы орайда айта кету керек, алаңға әлемнің 12 елінен 150 адам қатысады деп жоспарлап отырмыз», - деді Лепсібаев.

Оның айтуынша, панельдік сессияға ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі, ҮЕҰ өкілдері, саясаткерлер, депутаттар мен бірнеше елші, соның ішінде, Қазақстандағы Өзбекстан елшісі қатысады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 17-19 мамыр аралығында өтетін Астана экономикалық форумы аясында азаматтық қоғам проблемаларын талқылайтын панельдік сессия ұйымдастырылады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер