BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 326 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 382.2 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.29
Астана:

АЭФ аясында азаматтық қоғам проблемаларына арналған сессия өтеді

Астана экономикалық форумы аясында азаматтық қоғам проблемаларын талқылайтын панельдік сессия өтеді. Бұл жөнінде Қазақстанның орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Нарымбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Бірер күннен соң елордада жаһандық диалог алаңы - Астана экономикалық форумы өз жұмысын бастайды. Соның аясында, 18 мамырда «Азаматтық қоғамның болашағы. Жаңа азаматтық белсенділік» атты панельдік сессия өтеді. АЭФ аясында алғаш рет азаматтық сектордың қазіргі заманауи тенденцияларының негізгі аспектілері, жаңа сын-тегеуріндер мен мүмкіндіктер талқыланады. Сессия жұмысына шетелдік және отандық үкіметтік емес ұйымдар, мемлекеттік ұйымдардың өкілдері, саясаттанушылар мен әлеуметтанушылар, ғылыми-зерттеу ұйымдары, сонымен қатар, өзінің азаматтық позициясымен көзге түскен пікір көшбасшылары қатысады», - деді Нарымбетов.

Оның айтуынша, азаматтық қоғам мәселеріне тоқталатын бұл сессия Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен өткізіледі.

«Сессия барысында интерактивті көрме өткізіледі деп жоспарлануда. Онда үкіметтік емес ұйымдармен іске асырылған жобаларды және азаматтық белсенділік аясындағы тәжірибелерді ұсыну мүмкіндігі болады. Көрмеге қатысуға барлық мүдделі үкіметтік емес ұйымдар шақырылды», - деді комитет төрағасының орынбасары.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер