BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 327.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 386.74 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.34
Астана:

Қазақстандағы кедейлік деңгейі 47 проценттен 2,6 процентке азайды – министр Әбілқасымова

Фото: ашық дереккөзден

Соңғы 17 жылда Қазақстандағы кедейлік деңгейі 47 проценттен 2,6 процентке азайды.Бұл жөнінде Астана экономикалық форумы: Global Challenges Summit 2018 барысындағы экономикалық теңсіздік тақырыбына арналған панельдік сессияда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мадина Әбілқасымова мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Теңсіздік мәселесі дамушы елдердің ғанаи емес, сондай-ақ, дамыған мемлекеттер алдында тұрған проблема болып отыр. Қазір біз автоматтандыру, цифрландыру сияқты трендтер еңбек нарығындағы, соның ішінде, табысты біркелкі емес бөлуде жаңа сын-тәуекелдерді тудырып отыр. Өздеріңіз білесіздер, Қазақстан экономикасы қарқынды дамыған мемлекет. Соңғы 17 жылда Қазақстандағы кедейлік деңгейі 47 проценттен 2,6 процентке азайды», - деген министр бұған экономикалық өсімнің арқасында қол жеткенін айтты.

Әбілқасымованың айтуынша, Қазақстан экономикалық өсімнің халық табысына тікелей ықпал етуіне қол жеткізген мемлекет. Алайда, елде әлі де шешімін таппай жатқан бірқатар мәселелер бар көрінеді.

«Бізде де бірқатар проблемалар бар. Оны «орта табыс қақпаны» деп те атайды. Яғни, жұмыс жасап, еңбек етіп жатқан азаматтар сол кедей қалпында қалып қоюда. Шындығында, Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі небәрі 5 процент шамасында. Алайда, жұмысы бар адамдар табысының деңгейі басқа елдердегімен салыстырғанда анау айтқандай жоғары емес. Не себепті бұлай? Бұл кей секторлардағы өнімділіктің төмен болуына байланысты. Қазақстанда азаматтардың басым бөлігі ауыл шаруашылығы саласында жұмыспен қамтылған. Ал мұндағы еңбек өнімділігі басқа елдердегі дәл осы сектордағыдан әлдеқайда төмен. Мұнай-газ, тау-кен-металлургиясы саласында өнімділік артып келеді. Бірақ, Қазақстан экономикасы тез урбанизациялануда. Ауылдан қалаға көшетіндер саны артып жатыр. Жалпы, экономикалық теңсіздікті жою үшін, біріншіден, табысты бөлу мәселесінде салық саясатына қандай да бір автоматтандыруды енгізу керек деп санаймын. Екіншіден, жаппай кәсіпкерлікті қолдайтын жұмыс беруге бағытталған даму бағдарламасын құру маңызды. Біз Қазақстанда осындай екі бағдарламаны жүзеге асырдық», - деген министр елдегі «Бизнестің жол картасы» мен «Жаппай кәсіпкерлік» бағдарламаларына тоқталып өтті. Үшіншіден, дамушы мемлекеттегі үкімет әр уақытта белгілі бір қолдауды қажет ететін әлеуметтік аз қамтылған, аз қорғалған топтардың болатынын түсінуі керек», - деді Әбілқасымова.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер