BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 346.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 404.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.47
Астана:

Жазушылар Одағының жаңа төрағасы сайланды

Фото: ult.kz

Алматыда Қазақстан Жазушыларының кезекті XV Құрылтайы өтті. Құрылтайда Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының жаңа құрамы бекітіліп, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының жаңа төрағасы болып ақын, журналист Ұлықбек Есдәулет тағайындалды және бақылау-тексеру комиссиясы сайланып, ағалар алқасының құрамы бекітілді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Құрылтай Әнұранмен басталып, екі құрылтай арасында қаза болған 131 ақын-жазушыны бір сәт еске алу үнсіздігімен басталды. Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының Төрағасы Нұрлан Оразалин сөз сөйлеп, өткен ширек ғасырдағы жеткен жетістіктер мен кеткен кемшіліктерге тоқталды.

Бұған дейін Нұрлан Оразалин өзінің кезекті рет сайлауға түспейтінін мәлімдеген болатын. Ал жалпы жазушылар төрағалыққа көрнекті ақын Ұлықбек Есдәулетті құп көрген еді. Мемлекеттік сыйлықтың иегері Ұлықбек Есдәулетті жазушылар қауымының басым көпшілігі қолдады.

Сонымен көптен күткен мәселенің де басы ашылды. 25 жылдан кейін Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы ауысты. Сабыр Адай, Сауытбек Абдрахман, Тыныштықбек Әбдікәкімұлы, Ермек Аманшаев бастаған алдыңғы буын ағалар мен қатар Бақытгүл Бабаш, Ақберен Елгезек, Әлия Дәулетбаева, Бақыт Беделхан, Ерлан Жүніс қатарлы жаңа толқынның барлығын қамтыған 151 адам одақ төрағасын анықтайтын басқарма мүшесі ретінде тіркелді. Осы 151 адамның бір ауыздан және бір ғана үміткер ретінде Ұлықбек Есдәулетті ұсынды. Соның негізінде танымал ақын Ұлықбек Оразбайұлы басқарма төрағасы болып сайланды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер