BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 328.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 386.62 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.27
Астана:

Төлен Әбдік: «Рух» байқауында қазақшадан гөрі орыс тіліндегі туындылар көп

Бүгін Астанада өткен І «Рух» халықаралық әдеби байқауына шығармаларды қабылдау аяқталғаны туралы арнайы баспасөз мәсілихатында байқаудың қазылар алқасының төрағасы, әйгілі жазушы Төлен Әбдік осылай деді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Біз байқауға келген әрбір туындыны әділ бағалауға тырысамыз. Бірақ мәселе жазушының не, ақынның жас ерекшелігінде емес, мәселе жақсы шығарманың дүниеге келуінде. Жалпы мен әдебиетте жас-кәрі, еркек-әйел деген болмауын қалаймын. Керісінше жақсы-жаман деген ғана көзқарас болуы керек. Сондықтан егде жастағы жазушылар мен жаңа шыққан жастардың қатар бағалануы қалыпты жағдай» - дейді Төлен Әбдік.

Оның айтуына қарағанда бұл байқауға келген туындылардың көбі орыс тілінде.

«Басында халықаралық байқау дегенді түсінген жоқпын. Менің ұғымымда қай ұлттың тілінде жазсаң, сол ұлттың жазушысы боласың. Бірақ осы байқаудың нәтижесінде ол ойымнан қайттым. Себебі осы байқауға келіп түскен шығармалардың басым көпшілігі орыс тілінде (қазақ бөлімінде 403, ал орыс бөлімінде 493 – ред.)» - дейді қазылар алқасының төрағасы.

Сонымен қатар, қазылар алқасының төрағасы шығармаларды бағалауда қандай талаптарға мән беретіндерін айтты.

«Байқауға қатысушыларды, біз, тек ұсынылған әдеби туындылардың сапасына қарап бағалаймыз. Халықтың алдында мейлінше дұрыс, әділ шешім қабылдау жауапкершілігін жақсы түсінеміз. Қатысушыларға ешқандай шектеу қойылған жоқ, бәрі ашық түрде жүргізілді. Мықты туындыны кез-келген адам баласы мамандығына, жасы мен жынысына қарамастан дүниеге әкелуі мүмкін, яғни атақты классик замандастырымызбен бірге, талпынысы зор жастарға да тең мүмкіндік берілді», - деп ескертті қазылар алқасының төрағасы.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «Рух» халықаралық әдеби байқауына қанша туынды қатысып жатқанын, байқаудың жалпы қаржысы қанша екенін жазған болатынбыз.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер