USD 331.87 EUR 353.31 RUB 5.56
Астана:

Қазақстан жазушылары мәскеулік әріптестерімен кездесті

Фото: Әлеуметтік желі

Кездесу барысында Қазақстанның Ресейдегі Елшілігі мен Қазақстан жазушылар Одағы «Литературная газета» және «Роман-газета» шығарған «Қазақстан-Ресей» әдеби альманахының екінші бөлімі жазушыларға ұсынылды. Альманахты жалғастыру шешімі өткен жылы қазанда болған Қазақстан және Ресей жазушылар кездесуінде қабылданған болатын. Екінші альманахтың екінші бөлімі екі елдің жас жазушылар шығармашылығына арналды. Президент Н.Назабаевтың қазіргі замандағы мәдениет диалогының маңыздылығы туралы ойының арқасында екі ел жазушыларының шығармашылық байланысы өтіп жатқанын Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Марат Тәжин тұсау кесу рәсімі барысында баса айтты, дейді BAQ.kz тілшісі.

Ол, осы бөлім жас қаламгерлерге арналып, Қазақстан Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай басылап шыққанын айтып өтті.

"Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында елімізде қызықты, жас, ерекше авторлар буыны өсіп шықты және олардың шығармашылығы орыс аудиториясының қызығушылығын туғызуы мүмкін. Қазақстанда да Ресейдің жаңа әдебиетімен танысуға қызығушылық байқалады. Жаңа жинаққа шығармашылығы да және өздері де екі мыңжылдықтың түйісінде туылған елуден астам прозаик және ақындардың еңбектері енді. Біздің жоба – бұл өткенді аңсау емес. Бүгінгі жазушылар диалогты мұндай негізде құруға болмайды. Мәдени үдерісті өткен заманның үлгісімен өлшеуге болмайды. Дегенмен мәдениет және әдебиет сияқты салалар адамдарды біріктіретін сипатынан айырылмаған. Бұның барлығының квинтэссенциясы, драматизм, сезім және өткенмен қоштасу және жаңа әлемнің дүниеге келуі, жаңа кейіпкерлер, бейнелер және сөздер – осының барлығы жаңа альманахта жиналған» деді Марат Тәжин.

Сөз соңында Елші жаңа әдеби жинақтың шығуына қолдау көрсеткен ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне, Қазақстан жазушылар Одағына және «Литературная газетаның" басшылығына алғысын айтты.

«Менің ойымша, альманахтың барлық қатысушылары өзінің ерекше даусымен танымал, әсіресе, ұлттық мәдениет бағдарларға бұлжымастық білдіріп, жасампаздыққа бет бұрып және әдебиетке бар ынтасымен қызмет етуге дайын, - деп жазады Поляков өз алғы сөзінде. – Егер Ресей мен Қазақстанның жас жазушылары бір-бірін тек оқумен шектелмей, аудара бастаса, онда біздің мемлекеттеріміздің достастығына және ынтымақтастығына ешқандай қиратқыш геосаяси дауылдарда қауіп төндіре алмайды».

Кездесу басында Қазақстан жазушылар Одағы жолдаған арнайы құттықтау хаты да оқылды. Онда Қазақстан-Ресейлік әдеби байланыстарының дәстүрлі достық сипаты аталып, және Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің бастамалары арқасында жаңа жасампаздық қуат алып жатқаны айтылған.

«Біз туған тілін және әдебиетін – яғни халқын сақтау миссиясын, қолдарына алған 30-40 жастағы әдебиетшілердің еңбектері енген «Қазақстан-Ресей» альманахының екінші бөлімі жарық көруімен барлықтарыңызды құттықтаймыз! Егер де жинақтың мазмұнымен мұқият таныссақ, бұл қалыптасқан әдеби буынға сенімді күш береріне көзіміз жетеді», - делінген Қазақстан жазушылар Одағының төрағасы Нұрлан Оразалин жолдаған құттықтау хатта.

Кездесу барысында жас авторлар еуразиялық кеңістікте әдебиет үдерісінің ең өзекті мәселелерін талқылап, өздерінің шығармашылық ойларымен және жоспарларымен бөлісті. Сонымен бірге, Қазақстан-Ресей жазушылар клубының барлық мүшелерінің қатысуымен орындауға болатын жаңа жобалар бойынша пікір алысты.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады