BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Фариза Оңғарсынова тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылады

Астана, BAQ.KZ. 19 желтоқсан күні Алматыда көрнекті ақын, Қазақ КСР Мемлекеттік және ҚР Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, «Құрмет белгісі», «Парасат» ордендерінің иегері Фариза Оңғарсынованың тұрған үйіне мемориалдық ескерткіш тақта орнатылады.

Ескерткіш тақта Зенков көшесі 77 үйде (Шевченко көшесінің қиылысы) ілінетін болады.

Зиялы қауым өкілдері мен ақынның ұрпақтары қатысатын бұл игі шара, «Қазақтың Фаризасы» атанған ақынның есімін ұмытпау мақсатында жасалған айтулы еңбек болмақ.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер