USD 335.61 EUR 361.32 RUB 5.26
Астана:

Елбасының өмір жолына арналған кітап көрмесі ашылды

Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күніне арналған «Біздің Президент. Көшбасшылық феномені» тақырыбындағы кітап көрмесінің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды BAQ.kz тілшісі.

«Біздің Президент. Көшбасшылық феномені» тақырыбында кітап көрмесі ашылады. Көрме экспозициясы келесідей бес бөлімнен тұрады: «Өмірбаян және отбасы», «Мемлекеттік рәміздер», «Атақ дәрежесі және марапаттары», «Халықаралық форумдар», «Елі таңдаған Елбасы».

Кітап көрмесінің ашылу салтанатына ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл, қоғам қайраткері Сәдібек Түгел, Жазушы Марат Мәжитов бастаған зиялы қауым өкілдері мен мектеп оқушылары, ұстаздар, оқырмандар қатысты.

"Бүгін Қазақ елінің болашағы болар жастармен жолығып отырмыз. Президентіміз "Менің халқым өзге ұлттың түсіне кірсе, шошып оянатындай ауыр тағдырды бастан кешті. Тіпті, түп-тұқиянымен қырылып, жойылып та кететін кезі болды. Азаттыққа деген арпалыс, тәуелсіздікке деген талпыныс, бүгінгі таңға жеткізді" деген сөзі бар еді. Сол таңның, арайлы таңның төл перзенттерісіздір. Азаттықтың ауасын аңсаған ата-бабаларымыздың, тәуелсіздік таңындағы кеудесін кере жұтқан тәуелсіздікпен тыныстаған түлектерісіздер. Ел ертеңі жастарымыздың қолында дейтін болсақ, сол болашақтың бастауы да сендерсіңдер - деді кітап көрмесінің ашылуына жиналған оқушыларға арнап.

Экспозицияның үлкен бір бөлімі Президент Н. Назарбаевтың кітаптарынан тұрады. Оқырмандар Президенттің «ХХІ ғасыр босағасында», «G-Global: ХХІ ғасыр әлемі» (қаз., орыс. және ағылшын тілдерінде) тәрізді туындыларымен, Мемлекет басшысының қайраткерлігі туралы түрлі кітаптармен, яғни В.Ф.Михайлов, Т.А.Мансуровтардың «Өнегелі адамдар өмірі» сериясымен жарық көрген «Нурсултан Назарбаев» атты кітабымен және «ХХІ век станет звездным веком Казахстана» («ХХI century will be Kazakhstan’s century to celebrate») атты басылымдарымен таныса алады. Бұл кітаптарда Қазақстан Республикасы Президентінің сирек кездесетін фотосуреттері берілген, сол суреттерден оқырманның көз алдына Мемлекет басшысы ретінде емес, халқының нағыз Көшбасшысы әрі отансүйгіш азамат ретіндегі Нұрсұлтан Назарбаев келеді. Басылымда Нұрсұлтан Назарбаевтың Отан, ұлттық салт-дәстүрлерімен ерекшеленген Қазақстан халқы туралы қанатты сөздері келтірілген.

"Мұнда Президенттің бүкіл өмірі алақандағыдай айқын көрініс алған: балалық шағы, бозбала және жастық шағы, кемелдік кезеңі және Мемлекет басшысының мемлекетті нығайтуға, экономиканы, әлеуметтік-мәдени салаларды дамытуға, Қазақстанның басқа елдермен халықаралық байланыстарын орнықтыруға бағытталған Тәуелсіз Қазақстанның игілігі жолындағы көп қырлы қайраткерлігі. Тәуелсіз Қазақстанның бас қаласы – Астананың қалыптасу тарихында Елбасының рөлі ерекше болды. Президент елордамызды гүлдендіруге, экономикасы мен инфрақұрылымын жетілдіруге өлшеусіз үлес қосты. Бұл туралы көрмеде баяндалады" - дейді кітапхана қызметкерлері.

Сонымен қатар осы шара барысында «Н. Назарбаев – Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының негізін қалаушы», «Ұлы Дала Елі және тарихтағы тарихи сана хаһында» тақырыптарындағы дәрістер, «Менің Тұңғыш Президентім» тақырыбында мектеп оқушыларына арналған тәрбие сағаты өтті.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады