BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.47 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.57
Астана:

Астанада ІІІ халықаралық оқу конгресі өтіп жатыр 

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы Тәуелсіздік сарайында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Астана қаласының 20 жылдығына орай «Заманауи әлемдегі оқу мәдениеті» тақырыбындағы ІІІ Халықаралық Оқу Конгресін өтіп жатыр, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

"Конгресстің мақсаты кітап оқуды насихаттаудың әлемдік тәжірибесін талқылау, оқырмандардың мәдени құзыреттілігін жақсарту, интеллектуалдық әлеуетті арттыру, кітапханалардың әлеуметтік-мәдени мекеме ретінде қызметін жетілдірудің пікірталас алаңы болмақ" - дейді конгресстіңашылусалтанатында ҚР Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет.

Іс-шараға әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Кадзуо Исигуро, танымал жазушылар Януш Вишневский, Георгий Пряхин, Қазақстанның ақындары мен жазушылары: Дулат Исабеков, Қабдеш Жұмаділов, Бексұлтан Нұржекеев, Байбота Қошым-Ноғай, Маралтай Ыбыраев және Бақытжан Қанапиянов т.б. қатысып жатыр.

Екі күнге жалғасатын конгресстің Пленарлық отырысына Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, ғалым-түрколог Әбдуақап Қара (Түркия, Стамбул), ғалым, аудармашы Хуан Чжонсян (Пекин, Китай), жазушы, журналист, Пряхин Георгий Владимирович, (Москва, Россия), Италия, Македония, Египет, Иран, Индия, Испания, Пакистан, Түркия, Әзербайжан, Белорусия, Франция елінің ақындары мен жазушылары қатысады.

Сонымен қатар аталған шараға арнайы қонақ ретінде Шыңғыс Айтматовтың халықаралық қорының президенті (Ыстықкөл форумы) Асқар Айтматов Шыңғысұлы (Қырғызстан), маркетинг коммуникациясының маманы, бизнесмен, блоггер Ержан Рашев, баспагер, журналист, бизнесмен, блогер Бейбіт Әлібеков, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің мәдениет және өнер туралы «СОДРУЖЕСТВО ИСКУССТВ» мемлекетаралық ақпараттық-талдамалық журналының бас редакторы Андрей Андреевич Блиок (Россия, Санкт-Петербург), Армениядағы «Комсомольская правда» және «Аргументы недели» газетінің директоры, «Иравнук» газетінің жарнама бөлімінің бастығы Вартан Спартакович Аствацатарян, т.б. танымал тұлғалар шақырылған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер