BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.47 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.57
Астана:

«Алтын тобылғы» әдеби байқауының жүлдегерлері марапатталды

Астана, BAQ.KZ. Астанада «Алтын тобылғы» республикалық әдеби байқауының жүлдегерлері марапатталды.

Жеңімпаздар «Жылдың үздік прозасы», «Жылдың үздік поэзиясы», «Жылдың балаларға арналған үздік шығармасы», «Жылдың үздік драматургиясы» дәстүрлі аталымдар бойынша белгіленді. Әр номинация бойынша сыйақы қоры 1 миллион теңгені құрайды. Сонымен қатар байқау Астананың мерейтойына арналған «Астананың 20 жылдығы» тақырыбына арналған үздік әдеби туынды» арнайы аталыммен толықты. Оның жүлде қоры 1,5 миллион теңге.

«Жылдың үздік прозасы» аталымында «Адасқандар» шығармасымен Айзат Рақышева үздік шықты. «Жылдың үздік поэзиясы» аталымы бойынша Қайсар Қауымбек («Күңіренбе, молалар») және Айбол Исламғалиев («Жалғыздық картинасы») қатар жеңімпаз атанды. «Жылдың балаларға арналған үздік шығармасы» аталымында Алина Гатина топ жарса, «Астананың 20 жылдығы» тақырыбына арналған үздік әдеби туынды» аталымының иегері болып Шерхан Талап («Астана бояулары») танылды. Биыл «Жылдың үздік драматургиясы» аталымы бойынша ұсынылған жұмыстардың қойылған талаптарға сай келмеуіне байланысты, жеңімпаз анықталған жоқ. Сондай-ақ «Жылдың үздік прозасы» аталымы бойынша Тұрсынбек Башаровқа («Чириме») және «Жылдың балаларға арналған үздік шығармасы» аталымында Ақан Марғұланға («Жетіқарақшы») көтермелеу сыйақысы ретінде 500 мың теңгеден берілді.

Байқауға түрлі жанрда қалам тербеп жүрген 18-35 жас аралығындағы қаламгерлер қатысты. ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры жас әдебиетшілердің еңбегіне осымен төртінші рет қолдау көрсетіп отыр. Жылдан жылға байқауға деген қызығушылық артып келеді. Биылғы бәйгеге елдің түкпір-түкпірінен 108 шығарма келіп түскен.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер