BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Әнші Уитни Хьюстонның қызы қайтыс болды

Фостердің айтуынша, Кристина Браун өз туыстарының жанында, төсек тартып жатып бақилық болған.

Естеріңізге салайық, әйгілі әншінің қызы 31 қаңтар күні өз үйінің жуынатын бөлмесінде ес-түссіз жатқан күйінде табылған болатын. Дәрігерлер оны қолдан демалдыру аппаратына қосып қойғанымен жарты жылдың көлемінде Кристина Браун есін жиған жоқ. Ал, өткен айда оның денсаулығы күрт нашарлап, науқас Джорджия штатындағы хосписке ауыстырылды.

Бобби Кристина Браун Уитни Хьюстон мен әнші Бобби Браунның жалғыз қызы. 2012 жылы оның анасы Уитни де жуыну бөлмесінде суға тұншығып қайтыс болған еді. 

Пікірлер