BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

15 жастағы оқушы Қазақша Уикипедия әкімшісі атанды

 "Уикипедияның "ең жас" әкімшісі сайланды! Уикипедияшылар қауымдастығында өткен сайлау нәтижесінде 15 жастағы оқушы - әкімші (админ) мәртебесіне ие болды", - делінген хабарламада.

Жас әкімшінің аты-жөні - Ғани Әудеков. Сонымен қатар, жарияланымда оның 10 мыңнан аса өңдеме жасап, "Алтын қалам", "Ерен еңбегі үшін" марапаттарына ие болғаны жазылған. "Мыңға жуық мақала авторы Ғаниді құттықтаймыз! Қазіргі заманның талапты жастарын ел білсін, жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз", - деп жариялады әлеуметтік желіні қолданушылар.

Айта кетейік, Қазақша Уикипедия - Уикипедияның қазақ тіліндегі бөлімі. Ол 2002 жылдың 3 маусымынан бастап жұмыс істеп келеді. Бұл Уикипедияның ерекшелігі - 3 түрлі әліпбимен жазылады: кириллица, төте және латын жазуы. Бірнеше әліпби бойынша жазылатын Уикипедиялар қазақша Уикипедия тәжірибесіне жүгінеді. Қазақша Уикипедияда қазіргі таңда 12 әкімші бар, 2015 жылдың 19 ақпан күнгі жағдай бойынша онда 212 034 мақала бар.

Пікірлер