BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

«Жас Отан» видео-байқау жариялайды

«Жас Отан» жастар арасында «Елбасының 5 бастамасы» тақырыбында республикалық видео-байқау жариялайды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Жақында ҚР Парламенті палаталарының отырысында Елбасы 5 әлеуметтік бастама көтерді. Қазақстандықтардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға арналған маңызды бастамаларды халық арасында, әсіресе жастарға түсіндіру маңызды.

«Жас Отан» Жастар қанатының баспасөз қызметі мәлім еткендей, байқау 14 наурыз-4 мамыр аралығында өтеді, жеңімпаздар әлеуметтік желіде қолдау тапқан үздік 10 жұмысты арнайы қазылар алқасы анықтайды. Видеолар MP4, MPEG, AVI цифрлық форматында 1-5 минут хронометражда қабылданады. Байқауға 16 жасқа толған кез келген қазақстандық қатыса алады.

Нәтижесінде жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталады (Canon 7d Mark фотокамерасы, BestableCam Horizon H6 электронды стедикам, DJI Osmo камерасы, GoPRo HERO5 4K экшн-камерасы).

Байқау арқылы жастар ұйымы жас азаматтар арасынан саясатқа деген ерекше, креативті көзқарасты байқап қана қоймай, мемлекеттік саясат пен реформалар туралы ойларын біліп, өздерінің азаматтық ұстанымын білдіруге ынталандыруды көздейді.

«Байқауды ұйымдастыру арқылы қоғамның Елбасымыз ұсынған 5 әлеуметтік бастамасымен танысуға, тұрғын үй мәселесіндегі жеңілдіктерді, білім алу саласындағы мүмкіндіктерді, салық төлеу ерекшеліктері, шағын және орта бизнестің қыр-сырларымен танысуға мүмкіндік береміз. Жастардың қызығушылықтары әртүрлі. Біз үшін әр бастаманы өзіміздің елегімізден өткізіп, жастар тілінде түсіндіру оңайырақ. Сондай-ақ, байқау жас таланттардың шығармашылық потенциалын арттырып қана қоймай, бәсекелестікке, сайысқа түсуге үйретеді, жас таланттарды халыққа таныстырамыз. Видео саласын болашақ кәсібі ретінде көретін жастарға бағалы техника сыйлау арқылы олардың өз кәсібін жетілдірулеріне жол ашамыз. Ал біз таңдаған тақырып қоғамдағы әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға көмектеседі», - дейді «Жас Отан» Жастар қанатының төрағасы Данияр Сүндетбаев.

Үздік жұмыстарды анықтайтын арнайы құрылған әділ қазылар құрамында тележүргізуші, журналист Асхат Садырбай, танымал вайнер, актерлер Ақсұлтан Қалиев және Ғани Ажикенов бар.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер