BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 372.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 424.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Жалақысы төмен жұмысшылардың жеке табыс салығын азайту мәселесі қаралады – Тимур Сүлейменов

Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілетінін мәлім етті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Бүгін Ұлттық экономика министрі Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевтың қарауына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған президенттің бес әлеуметтік бастамасын іске асыру жөніндегі жол картасы жобасын ұсынды. Осы орайда ол президенттің бес әлеуметтік бастамасының екінші бағыты қалай жүзеге асырылатынын түсіндірді.

«Негізгі орындаушы – Ұлттық экономика министрлігі. Бұл бағыт шеңберінде салық заңнамасы нормасын өзгерту бойынша ұсыныстар әзірлеу жоспарланып отыр. Жалақы мөлшері төмен жұмысшылардың жеке табыс салығы мөлшерін азайту мәселесі пысықталады. Жеке табыс салығын салу тәртібі мен әкімшілендіру тетігі жоспарланып отыр. Бұдан басқа жеке табыс салығы прогрессивті шкаласын енгізу мүмкіндігі зерделенеді», - деді Сүлейменов.

Осы орайда министр барлық жұмыстар қай уақытта аяқталатынын жеткізді.

«Іс-шаралар тамыз айында аяқталады. Жаңа тетіктерді енгізу жаңа салық кезеңінің басталуына байланысты 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап, аталған бастама заңды күшіне енеді», - деді ол.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер