BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 345.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 404.45 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.48
Астана:

Сағынтаев елімізде жатақхана салу жұмыстары баяу жүріп жатқанын сынады 

Бүгінгі Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев 5 әлеуметтік бастама аясында студенттерге арналған жатақхана салу тиісті деңгейде жүзеге асырылып жатпағанын айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«4,1% көрсеткішімен жартыжылдықты аяқтадық. Бірақ, мынау өндіріс саласына келетін болсақ, қаңтар-мамыр айларымен салыстырғанда төмендеушілік 5,4% болатын болса, қазіргі төмендеу 5,2% болды. Оның ішінде, мұнай өндіру, табиғи газ, металл, өңдеу саласындағы тамақ өндірісі, сусындар, киім шығару, химия өндірісі, фармацевтика, металлургия, қара металдар, түсті металдар, электр энергиясы, сумен жабдықтау бойынша да төмендеушілік бар. Мұның барлығы біз маусым айын мамыр айымен салыстырғанда анықталып отыр. Егер, осы бағытпен кете берер болсақ, онда жыл соңында көрсетілген межеден шыға алмайтын боламыз», - деді Үкімет басшысы.

Премьер-министр аталған көрсеткіштерді арттыру бойынша жұмыстар жүргізуге назар аударуға шақырды.

«Жарты жыл болды, сол 20-30 проценттің соңында жүрміз. Қажетті қаржының барлығы берілген, жұмыстың барлығы атқарылды деп баяндап отырсыздар», - деді Сағынтаев.

Үкімет басшысы Президенттің 5 әлеуметтік бастамасы аясында студенттерге арналған жатақхана салу бойынша жұмыстардың тоқтап тұрғанын да еске салды.

«Жатақхана мәселесіне келетін болсақ, бұл Елбасының 5 әлеуметтік бастамасының аясында қарастырылған шара. Жалпы, 8 өңірде ғана жатақхана берілген. Бұл Ақмола, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары мен Астана және Алматы қалалары. Басқа өңірлерде бірде-бір жатақхана, бірде-бір шаршы метр пайдалануға берілмеген. Осыны назарларыңызға алыңыздар», - деді Сағынтаев.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер