BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 339.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.64 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.3
Астана:

Сағынтаев 5 әлеуметтік бастаманы орындау бойынша Жол картасын мақұлдады 

Сағынтаев Елбасының бес әлеуметтік бастамасын орындау бойынша Жол картасын мақұлдауды ұсынды. Бұл жөнінде бүгінгі Үкімет отырысы барысында мәлім болды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі

«Жол картасының жобасы өткен апта ішінде жан-жақты барлық мемлекеттік органдармен және жергілікті билік органдарымен талқыланды. Сол себепті, бүгінгі ұсынылып отырған жол картасын мақұлдауды ұсынамын. Ұлттық экономика министрлігі Премьер-министрдің кеңсесімен бірге қажетті өкімді қол қоюға маған бүгін тапсыруларыңызды сұраймын. Іске асыруға дереу кірісуіміз қажет. Ал, Парламент қарауына енгізу үшін тиісті заңнамалық өзгертулердің барлығы наурыз айының соңына дейін дайындалуы тиіс. Менің орынбасарларым өз бағыттарыңыз бойынша бақылауға алыңыздар. Жалпы бақылау менің өзімде. Уақытында осы Үкімет жиналысына шығарып, қарап отыратын боламыз», - деді Үкімет басшысы.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер