BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

Қостанай облысында "7-20-25" аясында 45 өтініш мақұлданды

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Өңір басшысы Президенттің Бес әлеуметтік бастамасының іске асырылуы барысы туралы айтты.

Орталық коммуникациялар қызметінде Қостанай облысы әкімі Архимед Мұхамбетовтің қатысуымен Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында Қостанай облысының 2018 жылғы 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына арналған баспасөз конференциясы өтті.

"Облыста 2 000 студентке арналған 5 жатақхана құрылысы жоспарланған. Шағын кредит беруді кеңейту үшін 4,1 млрд. теңге қарастырылды. Қазіргі уақытта сомасв 2,8 млрд. теңге тұратын 772 шағын кредит мақұлданды", - дейді ол.

Сондай-ақ, Қостанай облысында тұрғын үй құрылысына ерекше назар аударып отыр. Жыл басынан бері 17,0% өсімімен 227,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген.

"7-20-25" бағдарламасының шеңберінде 58 өтініш қарауға келіп түсті, олардың ішінде 45 өтініш мақұлданды. Бастапқы жарналарды жеңілдететін ипотека бойынша ішінара субсидиялау үшін жергілікті бюджеттен 83,7 млн. теңге бөлінді. Жалпы алғанда, жыл қорытындысы бойынша 352 несие беру жоспарлануа", - дейді ол.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер