BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Халықты қолжетімді ипотекалық несиемен қандай мемлекеттік орган қамтамасыз ететіні белгілі болды

Бүгін Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевтың қарауына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған президенттің бес әлеуметтік бастамасын іске асыру жөніндегі жол картасы жобасын ұсынды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Алдымен министр Мемлекет басшысынының халықты қолжетімді ипотекалық несиемен қамтасамыз ету бастамасына тоқталып, аталған жобаны жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды атады.

«Бірінші бағыт, әрбір отбасыға баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру. Бұл бағыт бойынша негізгі орындаушы – Ұлттық банк, ал үкімет жағынан - Инвестициялар және даму министрлігі. Негізгі іс-шаралар «7-20-25» бағдарламасын бекітуге және оны іске асыру үшін нормативті-құқықтық актілерге өзгерістер енгізуге қатысты болып отыр», - деді Тимур Сүлейменов Үкімет отырысында.

Осы орайда ол алдағы уақытта арнайы компаниялар құрылатынын айтты.

«Шілде айына дейін ипотекалық кредиттерді сатып алатын арнайы еншілес ұйымдар құрылады. Сонымен қатар «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша инфрақұрылымды жылына 20 млрд теңгеге дейін қаржыландыруға, оны ұлғайтуға және «7-20-25» бағдарламасының нормаларын ескере отырып, оған түзетулер енгізу жоспарланып отыр», - деп түйіндеді сөзін ұлттық экономика министрі.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер